Совет молодых ученых

Сәтбаев Университетінің
Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдар кеңесі сізді өз парақшасында қарсы алуға қуанышты!
Егер де сіз ғылыми мансабыңызды бастап, сізге көмек қажет болса – онда бұл парақша сізге арналған.

Мақсатымыз – өз-өзіміздің қабілетімізді жүзеге асыру

Жастық шақ – жетістіктерге қол жеткізу кезеңі. Бұл кезде адамның бойында аса маңызды ресурстар мол болады – өмірге қызығушылық, жастық шақтың амбициялары, тың идеялар мен күш-жігер тасып тұрады. Алайда уақыт та зымырап, тез өтіп жатыр, сондықтан болашақта табысқа қол жеткізгіңіз келсе, қазірден бастап нақты жұмыс істеу керек.
archer
Жас ғалымдар кеңесі ұсынады:
icon1

Ақпараттық қолдау көрсету

Біз сізге іргелі және қолданбалы зерттеулерді тиімдірек жүргізуге көмектесетін әдебиеттерді таңдап береміз, сондай-ақ сізге стартап құруға көмектесетін ең соңғы шыққан жарияланымдарға қол жеткізуге мүмкіндік береміз.
icon2

Кеңестер

Жыл сайынғы республикалық ғылыми шәкіртақылар мен марапаттарға өтінімдер беруге көмектесеміз, құжаттарды толтыруға, уәждеме хаттарын жазуға және қол қоюға, ғылыми журналға мақаланы дұрыс рәсімдеуге, сондай-ақ конференцияға немесе тағылымдамадан өтуге өтінім дайындауға көмектесеміз.
icon3

Жаңа идеяларды жүзеге асыру

Университетіміздің өмірін қалай жақсартуға болатыны немесе нақты өндірістегі қызықты мәселені қалай шешуге болатыны жөнінде идеяңыз, ұсынысыңыз бар ма? Бар болса, бізбен хабарласыңыз, сіздің идеяларыңызды жүзеге асырудың жолын біз бірге тауып аламыз.
icon4

Маңызды мәселелерді шешу

Жас ғалымдар кеңесі жас ғалымдардың кәсіби және әлеуметтік-тұрмыстық саладағы мүдделерін де қорғайды. Ғылыми кеңестің, Ғылыми-техникалық кеңестің жұмысына қатысу бәрімізді толғандыратын мәселелерді шешуге көмектеседі. Біз біріге отырып, көп нәрсені тындыра аламыз.
awards

Қазақстандық шәкіртақылар мен сыйақылар:

Жыл сайын тамыз айында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы жеке сыйақыларға және мемлекеттік ғылыми шәкіртақыларға, оның ішінде дарынды жас ғалымдарға арналған 50 ғылыми шәкіртақыға конкурстық құжаттар қабылдайды. Ал жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғалымдар үшін екі жеке марапат бар:

• Қ. И. Сәтбаев атындағы сыйақы – жаратылыстану саласы бойынша ең үздік ғылыми зерттеу үшін;

• Д. А. Қонаев атындағы сыйақы – жаратылыстану саласы бойынша жас ғалымдардың ең үздік ғылыми жұмысы үшін;
«Ғылым саласындағы сыйақылар мен мемлекеттік ғылыми сыйақылар туралы» файлды жүктеу
pdf-icon
Жыл бойына Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қорының бағдарламалары мен сыйақыларына құжаттар қабылданады. Бағдарламалар жас ғалымдарды қолдау және олардың қазіргі қоғам сұранысына ие құзыреттерін дамыту арқылы Қазақстандағы техникалық және жаратылыстану пәндерінің дамуына ықпал етеді.
scientist-wearing
Біз, жастар, бойымыздағы күш-қуатымыз бен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында мықтымыз, бұл бізге мақсатымызға жетуге көмектеседі. Жас ғалымдар кеңесі де дәл осы мақсатты көздеп отыр – университеттің жас ғалымдарының мүдделерін кәсіби салалар бойынша қорғайтын уәкілетті өкілдерін біріктіру, сондай-ақ зерттеушілер және әртүрлі ғылыми органдар мен ғылыми бағыттардың өкілдері арасында сындарлы диалог орнату. Бұл істі жүзеге асыру үшін сіз де көмектесе аласыз!

Егер де сіз әлі 35 жасқа толмаған болсаңыз және қандай да болсын жаңалық ашқыңыз келсе – біздің қатарымызға қосылыңыз. Бірге ғылыммен шұғылданайық!

Жас ғалымдар кеңесінің семинарлары мен конферециялары

Жас ғалымдар кеңесі жұмысының басым бөлігі жаңадан келген ғалымдар үшін маңызды тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер мен шеберлік сабақтарын дайындау және өткізумен өтеді. Сіздерді келесі тақырыптар бойынша семинарларға қатысуға шақырамыз:

• Scopus және Web of Science мәліметтер базасына енетін басылымдарға мақала дайындау;
• ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурстарына немесе арнайы шәкіртақылық бағдарламаларға қатысуға өтінімдер дайындау;
• халықаралық журналдарда жариялану және мақалаларды іздестіру ережелері, мақаланың сапалық параметрлері (Scopus/Web of Science өкілдерімен тренинг өткізу).

Сіздер өтінімді қалай жазу керектігін, қандай қателер жібермеуді, ННС не екенін және бірлесіп қаржыландырудың ролі туралы біліп шығасыздар. Біздің жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар!
Жас ғалымдар кеңесінің жаңалықтары

Жиі қойылатын сұрақтар:

  • Жас ғалымдар кеңесі дегеніміз не?
    Сәтбаев Университетінің Жас ғалымдарды қолдау орталығы, ол жас ғалымдарға көмек беру және ғылымның әртүрлі салаларындағы олардың бастамаларын дамыту мақсатында құрылған. Біздің ең маңызды міндеттеріміздің бірі – қазіргі заманғы ғылымның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін, жас ғалымдар арасында байланыс орнату және оны дамыту.
  • «Жас ғалымдар» дегеніміз кімдер? Біздің бағдарламаларға кімдер қатыса алады?
    Жас ғалымдар дегеніміз – магистранттар, докторанттар, ғылыми атақ алуға үміткерлер, оқытушылар және жоғары оқу орнының ғылыми қызметпен айналысатын, жасы 35-ке толмаған жас қызметкерлері. Егер де сіз ғылыми жобамен айналысып жүрсеңіз және жасыңыз 35-ке толмаған болса, онда біздің бағдарламаға қатыса аласыз.
  • Жас ғалымдар кеңесінің көмегіне қай кезде жүгінуге болады?
    Жас ғалымдар кеңесі өз отырыстарын күнделікті өткізіп, кеңес береді. Сіз бізге кез келген уақытта хабарласа аласыз, сізбен кездесіп, барлық сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымыз.
  • Жас ғалымдар кеңесі қандай мәселелер жөнінде көмек береді?
    Ғылыми жоба табуға, ғылыми жобаны қаржыландыруға арналған немесе сондай конкурсқа қатысу үшін құжатты дұрыс толтыруға көмектеседі. Жоба жөнінде берілетін есепті дұрыс құруға, ғылыми жобаға қалай қатысу керек және ол үшін не істеу керектігі туралы кеңес береді.
  • Республикалық ғылыми шәкіртақылар мен сыйақылар конкурсына қатысу үшін құжаттарды толтыруды қашан бастау керек?
    Әдетте мұндай құжаттарды толтыруға ұзақ уақыт кетеді, сондықтан қабылдау мерзімінен 2-3 ай бұрын құжаттарды дайындауды бастау керек. Бұл құжаттарды толтырып қана қоймай, оларды тексеруге, сарапшыларға көрсетуге және қажет болған жағдайда сыйақы немесе шәкіртақы алу ықтималдығын арттыру үшін қайта жасауға мүмкіндік береді. Жас ғалымдар кеңесі сіздерге шәкіртақы туралы ақпаратты табуға және құжаттарды дайындауға көмектеседі.

Барлық сұрақтар бойынша:

Нұрлан Баянбай
Сәтбаев Университеті Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, «Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедрасының аға оқытушысы.
Телефон: +7 777 272 4449
e-mail: smu_su@mail.ru
LinkedIn:
linkedin
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту