Электр энергетикасы

Деңгейі
Бағасы
2 128 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 099
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Инновациялық білім беру бағдарламасы, эксперименталды-зерттеушілік, педагогикалық қызмет саласындағы, электр энергетикасы мен технологиялық басқару және техникалық жүйелерімен жұмыс істейтін мамандарды,  ғылыми кадрларды даярлауға арналған ғылыми бағдарлама. Бітірушіге PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі.

Докторанттар электроэнергетиканың ғылыми-техникалық мәселелерін, электр энергетикасы саласында техникалық эксперимент жасаудың теориясы мен тәжірибесін, электр машиналарының қыр-сырын оқып үйренеді. Зияткерлік кәсіпкерлікке, экономиканың нақты секторы үшін қолданбалы жобаларды әзірлеуге және іске қосылған жобаларды коммерцияландыру жұмысына баса назар аударылады.

Студенттерге «Schnieder Electric» (Франция) және «Учебная техника» (Ресей) компанияларының қазіргі заманғы құрал-саймандармен жабықталған зертханаларында оқу-тәжірибе жұмыстарымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізуге рұқсат етілген.

Докторанттар шетелдік консультанттардың басшылығымен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобаларына белсене қатысады. Докторантурада оқу жоспары міндетті түрде шетелдің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту бағдарламасын қамтиды. Диссертациялық жұмысты дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшілердің басшылығымен өтеді.  

Түлектер электр станцияларында және қосалқы станцияларда, өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерде, ұлттық және жеке меншік компанияларда, жобалау және білім беруші ұйымдарда, экономиканың басқа да салаларында ғылыми қызметкер, оқытушы және т. б. жетекші лауазымды атқара алады.