Инженерлік метрология және машина жасауды стандарттау
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Бағдарлама машина жасау өндірісін кешенді түрде дамытудың негізгі міндеттері мен мәселелерін шешуге қабілетті PhD докторанттарын дайындауға бағытталған.
Бағдарлама сапаны басқару мен бақылаудың заманауи әдістерін меңгеруді, ақпараттық технологияларды қолдануды, сондай-ақ машина жасау саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізуді қамтиды. Докторанттар жаңа стандарттарды әзірлеу және шығарылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ машина жасау өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістерін меңгеріп шығады.
Бағдарлама өлшемдер, метрологиялық қамтамасыз ету, өнімдер мен процестерді стандарттау және зертханаларды аккредиттеу саласы бойынша терең теориялық және практикалық дайындықты қарастырады. Әсіресе ғылыми зерттеу әдістемесіне, сынау және өлшеу нәтижелерін талдау мен интерпретациялауға, машина жасау өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде сапаны басқару ісіне ерекше көңіл бөлінеді.
Докторанттар статистикалық мәліметтерді талдау әдістерін меңгереді, CAD/CAM/CAE жүйелерімен жұмыс істеуді үйренеді, ISO стандарттары мен отандық ережелерді өндірістік процестерге біріктіруді біліп шығады. Бағдарламаның ғылыми-зерттеу бөлімі шеңберінде олар өлшеулердің дәлдігі мен сенімділігін арттыруға, өндірістік бақылауды оңтайландыруға, стандарттау мен өнімді цифрлық сертификаттаудың жаңа әдістерін әзірлеуге бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асырады.
Бағдарлама түлектері ғылыми-зерттеу институттарында, машина жасау концерндерінде, стандарттау және сертификаттау органдарында, метрологиялық бақылау жасау зертханаларында, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесін және өндірістің цифрлық трансформациясын енгізумен айналысатын халықаралық компанияларда жоғары сұранысқа ие болады.