Машиналар мен жабдықтардың сандық инженериясы
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M103 Механика және металл өңдеу |
Өзара алмастыру негіздері |
Машина бөлшектерi |
Тау-кен, металлургиялық және мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жабдықты сандық диагностикалау саласындағы мамандарды дайындау.
Түлектер 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі немесе 2 жылдық оқу кезінде техникалық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алады.
Бағдарлама технологиялық машиналардың сандық-техникалық диагностикасының әдістері мен құралдарын пайдалануды зерттеуге және оларды қолданудың практикалық дағдыларын игеруге, техника мен компьютерлік қолданбалы бағдарламаларды пайдалана отырып, алынған нәтижелерді талдауға бағытталған. Оқу барысында магистранттар технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметті жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін, сандық техникалық диагностикасының әдістері мен құралдарын, динамика мен беріктігін, майлау және майлау материалдары теориясын, жөндеу кәсіпорындарын ұйымдастыру әдістерін, технологиялық жабдықтарды жобалау мен құрылымдаудың техникалық негіздерін үйренеді.
Академиялық ұтқырлық және халықаралық білім алмасу бағдарламасы бойынша және магистранттарды тағылымдамадан өткізу мақсатында әлемнің 97 жетекші шетелдік университеттерінде оқу мүмкіндігі бар.
Түлектер әртүрлі қызметтік мақсаттағы жабдықтарды пайдалану және сервистік қызмет көрсету, оның өмірлік циклі мен сапасын басқару, бақылау, диагностика және өндірістік сынау және технологиялық процестерін автоматтандыру жүйелерімен жұмыс істейді.
Толық оқу циклін сәтті аяқтаған студенттер: ҒЗИ, тәжірибелік-конструкторлық бюроларда, басқармалар мен департаменттерде; колледждер мен жоғары оқу орындарының ғылыми және оқытушылық қызметтерінде жұмыс істей алады, салалық кәсіпорындардың цехтары мен бөлімшелері деңгейінде басшылық лауазымдарды атқара алады.