Металлургиялық инженерия
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Жоғары тазалығы бар кендерден және жоғары қосылған құны бар металл құрамды өнімдерден металдарды алу саласында ғылыми, тәжірибелі-зерттеу, педагогикалық қызметтерге бағытталған ғылыми кадрларды, сондай-ақ металлургиялық жобаны басқаруға және іске асыруға қабілетті кадрларды дайындайтын инновациялық білім беру бағдарламасы. Түлекке PhD докторы дәрежесі беріледі.
Докторанттар түсті металлургия қалдықтарының жаңа түрлерін шығаратын инновациялық технологияларды, жоғары сапалы металдар мен материалдарды өндірудің жаңа технологияларын, металлургиялық жүйелер мен процестерді кешенді өңдеуді, түсті металдарды қайта өндірудің тиімділігін арттыруды, сондай-ақ металлургиялық өндірістерді, минералды, табиғи және техногендік шикізаттарды өңдеудің технологиялық процестерін оңтайландыру мен жүзеге асыруды, жаңа технологияларды нығайтудағы инновациялық-технологиялық теуекелдерді бағалау мәселелерін оқып үйренеді. Зияткерлік кәсіпкерлікке, нақты экономикаға арналған қолданбалы жобаларды дамытуға және ескерілмеген жобаларды коммерцияландыруға көп көңіл бөлінеді.
Докторанттар шетелдік кеңесшілердің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысады. Докторантурада оқу жоспары шетелдің жетекші университеттерінде тәжірибе алмасудан өтуді міндеттейді. Диссертацияны қорғау және дайындау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшілердің басшылығымен жүргізіледі.
Докторанттар педагогикалық және зерттеу практикаларын «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақмыс», «Қазцинк», «Өскемен титан-магний комбинаты», «KAZ Minerals Aktogay», «ERG ғылыми-зерттеу инженерлік орталығы», Томск политехникалық университетінде, Колорадо тау-кен мектебінде (АҚШ), Вустер политехникалық университетінде (АҚШ), Геотехника институтында (Словакия), Саскачеван университетінде (Канада), Аахен қаласындағы Рейн-Вестфалия техникалық университеті (Германия), KTH Royal Institute of Technology (Швеция) және Сулейман Демирель атындағы университетте (Түркия) өтеді.
Түлектер тау-кен-металлургиялық кешенде - металлургиялық кәсіпорындарда, жобалау ұйымдарында, металлургиялық зерттеу орталықтарында, химия өнеркәсібінде жұмыс істейді.
Түлектер тау-кен металлургия саласының инженерлік-техникалық және басқарушылық қызметтерінде, оқытушылар, ғылыми орталықтарда, университеттерде, ұлттық және жеке компанияларда ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады, сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларында ғылыми-зерттеу, жобалық және білім беру қызметін жүзеге асыратын басқа да ұйымдарда жұмыс істейді, кейбіреулері өз өндірістерін және компанияларын ашуда.