Ақпарат:

Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M117 Металлургиялық инженерия

Металлургиялық процестер теориясы

Жалпы металлургия

Тау-кен өнімдерін өңдеу, пайдалы қазбаларды байыту, металлургия, алтын және уран өнеркәсібіне, жоғары тазалықты кендерден, сондай-ақ жоғары қосылған құны бар металл құрамды өнімдерден металдарды алу саласына қажетті инженер-техник мамандарын даярлау. Бағдарлама ASIIN (Германия) халықаралық агенттігімен аккредиттелген, диплом Еуроодақ, АҚШ елдерінде, оңтүстік-шығыс аймақта жоғары бағаланады.

Түлектер 1,5 жылдық оқуды аяқтаған кезде техника және технология магистрі немесе 2 жылдық оқуды аяқтағанда техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алып шығады.

Бағдарлама пайдалы қазбаларды байытуға арналған құрал-жабдықтар мен технологияларды жасау және жобалау әдістерін меңгерген мамандарды, сондай-ақ металлургиялық жобаны басқаруға және оны іске асыруға, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуге, қоршаған орта мен жер қойнауы байлықтарын сақтауға арналған кешенді іс-шаралар жүргізуге, инновациялық өнімдерді алуға және осы салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті мамандарды даярлайды.

Сіз байыту өндірісінің технологиялық  үдерістерімен, пайдалы қазбалар мен техногендік шикізатты өңдеумен, сондай-ақ тау-кен байыту өндірісінің жабдықтарымен, байыту өндірісін автоматты басқару жүйелерімен және соңғы өнімнің сапасын бақылау, энергияны үнемдейтін және «жасыл» технологиялар мен материалдарды пайдалану, металлургиялық өнімдерді өндіру және сату бойынша білім, дағдылар мен қабілеттерді меңгеріп шығасыз, сондай-ақ тау-кен металлургиялық секторының нормативтік-техникалық құжаттамасын әзірлеу, металлургиялық өндірістерді жетілдіру және дайындау бойынша білім аласыз.

Магистранттар зертханалық зерттеулер, технологиялық есептер, қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар мен бағдарламаларды пайдалана отырып жабдықтарды таңдау және жобалау дағдыларын үйреніп шығады.

Магистранттар педагогикалық, зерттеу және ғылыми-зерттеу практикаларын «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақмыс», «Қазцинк», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Қазмеханобр», Металлургия және байыту институтында, Жәйрем кен байыту комбинатында, Теректі кен байыту комбинатында, «KAZ Minerals Aktogay» және тағы басқа кәсіпорындарда өтеді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша магистранттар Мәскеудің болат және қорытпалар институты, Колорадо тау-кен мектебі (АҚШ), Вустер политехникалық институты (АҚШ), Геотехника институты (Словакия), Саскачеван университеті (Канада), Аахен қаласындағы Рейн-Вестфалия техникалық университеті (Германия), KTH Royal Institute of Technology (Швеция) және Сулейман Демирель атындағы университетте (Түркия) ғылыми тәжірибелерімен алмасады.

Түлектер шағын ғылымды қажет ететін металлургия саласына бағытталған бизнестерді құруға қабілетті. Олар металлургиялық кәсіпорындарда, жобалау ұйымдарында, металлургиялық зерттеу орталықтарында, тау-кен металлургиялық секторындағы инженерлік және басқарушылық қызметтерде, химия өнеркәсібінде жұмыс істейді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметпен айналысуға да құқылы.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту