Наноматериалдар және нанотехнологиялар
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Наноматериалдар мен наноинженерия, өнімділігі наноөлшемді әсерімен және жұмыс істеу принциптерімен анықталатын құрылғылар мен жүйелер саласына қажетті зерттеуші мамандарды даярлау.
Түлектер ғылыми-зерттеу институттарында, жоғары оқу орындарында, ауыр және жеңіл өнеркәсіп орындарында, тау-кен металлургия, авиация, ғарыш өнеркәсібі кәсіпорындарында, экономиканың құрылыс және машина жасау секторларында зерттеушілер және жаңа технологияларды жасаушылар ретінде, , жаңа композиттік және функционалды материалдарды құру салаларында жұмыс істейді.