Көлік, көлік техникасы және технологиялары
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | КТ элементтері |
М104 Көлік, көліктік техника және технология | Машина бөлшектері - Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Көлік технологиялары мен автомобиль өнеркәсібі саласы бойынша білім алған мамандарды автокөлік құралдарына арналған компоненттерді жасау мен өндіру кәсіпорындарында жұмыс істеуге даярлау.
Түлектер ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ұйымдарда жұмыс істейді, көлік технологиялары мен көлік процестерінің технологияларын дамытумен, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік жабдықтары мен олардың бөлшектерін шығаратын машина жасау зауыттарында, сондай-ақ машина жөндеу кәсіпорындарында жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі бағдарламаға байланысты біздің түлектер өте жоғары сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан да жұмыс берушілер қатарында Қазақстанның көлік жасаумен шұғылданатын ірі-ірі өндіріс кешендері, машина жасау зауыттары және әлемдік көлік жасау концерндері бар, атап айтқанда, General Motors, Hyundai, Kia, Peugeot, Renault-Nissan-Avtovaz, Skoda, Toyota, Iveco.