Ақпарат:

Жаңартылатын энергетикадағы инновациялық технологиялар мен жабдықтар

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
innovatsionnye-tekhnologii-i-oborudovanie-v-vozobnovlyaemoy-energetike
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М099 Энергетика және электротехника

Электротехниканың теориялық негіздері

Электрлік машиналар

Жаңартылатын энергия көздері, электр энергетикасы саласындағы инновациялық технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласына қажетті мамандарды даярлаудың инновациялық бағдарламасы.

Магистранттар жаңартылатын энергия көздерін зерттеуді, перспективалық талдауды және кешенді түрде пайдалануды, энергия жинау технологияларын, орталықтандырылмаған энергия жүйелерін, электр жабдықтарының, автономды энергия көздерінің және жаңартылатын энергия объектілерінің оқшаулану жағдайын бағалаудың заманауи әдістерін оқиды.

Студенттер жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр жабдықтарының диагностикасы мен профилактикалық сынақтарын жүргізуді, Power Factoring ортасында энергетикалық жүйелерді модельдеуді, энергия жүйелерін цифрландыру үшін қолданылатын заманауи қолданбалы бағдарламалар бойынша жұмыс істеуді, электр және жылу энергиясын сақтауға арналған құрылғыларды жобалауды үйреніп шығады.

Студенттер «KEGOC», «АЖК», «АлЭС», «Бурное Солар», «Қордай СЭС», «Green Energy», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазцинк» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Қазминералс», «Қазақмыс» және т.б. секілді ірі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді.

Жаңартылатын энергия көздері – энергетиканың перспективалы бағыттарының бірі. Жасыл энергетикаға қатысты таза энергетикалық технологияларды интеграциялау, қоршаған ортаға тигізетін кері әсерді азайту – әлемдік энергетика саласын дамытудың негізгі бағыттары болып табылады. Заманауи өнеркәсіп орындарында осы саланың мамандары жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Түлектер электр станциялары мен қосалқы станцияларда, жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіретін энергия тасымалдаушы ұйымдарда, басқа салалардағы өнеркәсіп және өндіріс орындарында, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында инженер болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту