Ақпарат:

Ядролық энергетика

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В062 Электротехника және энергетика Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
yadernaya-energetika
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Атом электр станцияларының инженерлерін, жылу және атом энергиясын өндіретін, түрлендіретін және пайдаланатын атом электр станциялары мен басқа да атом электр станцияларын жобалау, салу және пайдалану саласындағы мамандарды даярлау бағдарламасы. Түлектер «Техника және технология» бакалавры дәрежесін алып шығады.

Физика-математикалық блок шеңберінде студенттер физика және ядролық энергетика, ядролық реакциялар теориясы бойынша негізгі білімдерді, қазіргі заманғы ядролық технологияларды, ядролық энергияның тәжірибелік әдістерін, ядролық технологияларды және оларды қолдануды, ядролық қауіпсіздік және ядролық қалдықтарды сақтау технологияларын, сондай-ақ атом энергетикасындағы компьютерлік әдістер мен Қазақстан Республикасындағы атом энергетикасының өзекті мәселелерін меңгеріп шығады. Жоғары курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында әлемнің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Түлектер электр энергиясының тұрақты бағасын және қоршаған ортаға ең аз әсерді қамтамасыз етуге қабілетті сала ретінде болашақтың экологиялық қоғамының символдарының біріне айналатын атом энергетикасында жұмыс істейді. Негізгі әлеуетті жұмыс берушілердің бірі – «Қазатомөнеркәсіп». Тағы да бір қызмет саласы – медицина, мұнда инженерлер қатерлі ісік ауруын емдеу үшін ядролық технологияны пайдаланады.

Түлектер атом өнеркәсібі кәсіпорындарында, физика, радиоэкология және ядролық медицинада техникалық мамандар болып жұмыс істейді.

Ядролық реакторлар мен қондырғыларға қызмет көрсетеді, атом электр станцияларындағы қауіпсіздікті қадағалайды, ҚР Радиациялық қауіпсіздік және экология институты мен Ядролық физика институты мен ауруханалар сияқты мекемелерде медициналық қондырғылардың жұмысын бақылайды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту