Ақпарат:

Өнеркәсіптік машина жасау

Деңгейі
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D103
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Машина жасау, жабдықтарды пайдалану және цифрландыру салалары бойынша терең теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған бағдарлама. Оқу біиіргеннен кейін түлектерге PhD докторы ғылыми дәрежесі беріледі.

Бағдарлама докторанттардың бойында өндірістік эксперименттер жүргізу, триботехникалық үдерістерді талдау, цифрлық датчиктер мен микропроцессорларды пайдалану, предиктивтік талдау және оңтайландыру әдістерін қолдану қабілеттерін қалыптастырады. Оқу жоспарына «Ғылыми зерттеу әдістері», «Эксперимент нәтижелерін өңдеудің инновациялық әдістері», «Пайдалану-сервистік үдерістерді цифрландыру», «Машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін диагностикалау», «Ғылым мен өндірістегі инновациялық техника мен технологиялар» және басқа да пәндер кіреді. Әсіресе жобалық-зерттеу курстарына, академиялық жазу және ағылшын тілінде ғылыми жарияланымдар дайындау дағдыларына баса назар аударылады.

Оқу процесі ғылыми және педагогикалық практикалармен, еліміздегі жетекші кәсіпорындарында тағылымдамадан өтумен және нақты инженерлік жобаларға қатысумен толықтырылады. Бағдарлама серіктестерінің қатарында — «Қазахмыс» корпорациясы, «Қазатомөнеркәсіп», «Қазхром», «Қазмырыш», АЗТМ, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және басқа да белгілі өнеркәсіп көшбасшылары бар.

Бағдарлама халықаралық академиялық кеңістікке белсенді түрде интеграцияланған: докторанттар Erasmus+ және DAAD бағдарламаларына қатысады, шетелдік ғылыми тағылымдамалардан өтеді, халықаралық журналдарда жарияланады және әлемдегі ең ірі ғылыми базаларға қол жеткізеді. Бұған қосымша мемлекеттік және атаулы гранттар, жетістіктері үшін берілетін стипендиялар ұсынылып, өндірістік серіктестер тарапынан қолдау көрсетіледі.

Бағдарлама түлектері машина жасау, металлургия, мұнай-газ және өңдеу өнеркәсібі салаларында, ғылыми-зерттеу институттарында, университеттер мен инжинирингтік компанияларда табысты түрде жұмыс істейді. Олар инженерлік жобалардың жетекшілері, зерттеушілер, оқытушылар, өндірісті оңтайландыру және цифрландыру жөніндегі мамандар ретінде қызмет атқарады, осылайша профессор, техникалық директор немесе департамент басшысы деңгейіне дейін мансап құра алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту