Компьютерлік ғылым (Computer Sciences)
Деңгейі
Оқу жолдары
ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру мамандықтарының классификаторы бойынша оқыту жолдары Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету В057 Ақпараттық технологиялар Математика - Физика
5В070300 Ақпараттық жүйелер В057 Ақпараттық технологиялар Математика - Физика
5В060200 Информатика В057 Ақпараттық технологиялар Математика - Физика
Бағасы
635 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон

Мамандарды даярлауға арналған бағдарлама программалық қамтама  әзірлеуге және машиналық оқыту бағыттары бойынша даярланады. Бағдарлама екі бағытқа бөлінген: Software Engineering және Machine Learning & Data Science қазіргі заманғы бағдарламалауды және де Ақпараттық технологиялардың барлық мәселелерін қарастырады. Пәндердің мазмұны әлемнің жетекші университеттерінің тиісті білім беру бағдарламаларын ескере отырып әзірленген.

Software Engineering  (Бағдарламалық қамтамасыз ету) – кең мағынада компьютерлердің аппараттық-бағдарламалық кешенінің барлық аспектілеріне қатысты. Бұл бағдарламалық  қамтама құралдарын пайдалана отырып, жобаларды іске асыру мүмкіндігі.

Machine Learning & Data Science (Машина жасау және деректер ғылымы)  – кең мағынада Жасанды интеллект құруды қамтиды. Машинаны оқытудың парадигмасы – машина өзінің параметрлерін әдістемелік түрде бейімдеу арқылы пән бойынша шешім қабылдауға қабілетті болуына негізделеді.

Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бағдарламалық жасақтамадағы қазіргі үрдістерге және өңдеу секторымен тығыз қарым-қатынасқа негізделген. Бағдарламада келесідей сабақтар бар:   электроника және цифрлық схемотехника, дискретті математика және ақпараттық теория, алгоритмдер және деректер құрылымдары, дерекқорлар, операциялық жүйелер мен жүйелік бағдарламалау, объектілі-бағытталған және функционалдық бағдарламалау, деректерді талдау және жасанды интеллектке енгізу,  параллельді бағдарламалау, желілік бағдарламалау және таратылған есептеулер.

Сіз жасай алатын боласыз:

  • әртүрлі мақсаттарда ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу, тестілеу және пайдалану;
  • түрлі салаларда ақпараттық жүйелер мен олардың элементтерін жобалау;
  • үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеуге арналған заманауи технологияларды қолдану, оны шешімдер қабылдау үшін талдау;
  • ақпараттық технологиялар саласындағы ағымдық үрдістерді білу.

Бағдарлама ІТ-компанияларда, банктерде және мемлекеттік органдарда өндірістік тәжірибені өтуді қарастырады. Үздік студенттер академиялық мобильділік  бағдарлама бойынша жетекші шетелдік университеттерде оқиды.

Ақпараттық жүйелердегі мамандар экономика, мемлекеттік және басқа да әртүрлі салаларда, әртүрлі мақсаттарға арналған ақпараттық жүйелерді құруға, жобалауға және дамытуға бағытталған және еңбек нарығында сұранысқа ие. Бітірушілер Facebook, Google, Microsoft, Oracle, IBM, Apple және басқа да ірі халықаралық компанияларда жүйе талдаушылары мен сәулетшілері, бағдарламашылар, IP тестерлері, дерекқор әзірлеушілері ретінде жұмыс істейді.

Білім беру бағдарламасы туралы толығырақ