Machine Learning & Data Science
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M094 Ақпараттық технологиялар |
Алгоритмдер және деректер құрылымы |
Деректер базасы |
Деректерді талдау және машиналық оқыту саласына қажетті мамандарды даярлау. Түлектер жасанды интеллект саласындағы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер болады.
Бітіруші түлектер 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі немесе 2 жылдық оқу кезінде техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алады.
Деректерді талдаудың заманауи әдістері мен модельдерін, машиналық оқытудың парадигмалары мен бөлінген есептеу құралдарын меңгеру келесідей іскерлікті береді: жасанды интеллект саласындағы компьютерлік жүйелер мен желілерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді ескере отырып, мамандандырылған ақпараттық жүйелерді жобалау, жасау және сүйемелдеу.
Магистранттар кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикадан өтеді және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша семестр бойы шетелде оқи алады.
Түлектер деректерді талдау, жасанды интеллект және серпінді технологиялар бөлімшелерінде, IT-технопарктерде, өнеркәсіптік-өндірістік салалардағы Ақпараттық технологиялар бөлімдерінде, жетекші IT-компанияларда, мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда жетекші мамандар, әзірлеушілер және талдаушылар болып жұмыс істейді.