Software Engineering

Деңгейі
Бағасы
2 128 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D094
Аккредитациялар
naar
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Бөлінген есептеулер мен жоғары жүктемелерге назар аудара отырып, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді әзірлеу саласындағы ғылыми, эксперименттік-зерттеу, педагогикалық қызметке бағытталған ғылыми кадрларды даярлайтын инновациялық білім беру бағдарламасы. Түлектерге PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі.

Докторанттарға бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу технологиялары, бөлінген жүйелерді аппараттық және бағдарламалық ұйымдастыру аспектілері, тұрақты желілік қосымшалар мен нақты уақыт жүйелерінің мәселелері, есептеуіш күрделілік теориясы мен мультиагенттік жүйелердің мәселелері тереңдете оқытылады. Экономиканың нақты секторы мен жобаларды коммерцияландыру үшін қолданбалы жобаларды әзірлеу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді.

Докторанттар шетелдік кеңесшілердің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысады. Докторантураның оқу жоспарлары жетекші шетелдік университеттерде міндетті түрде тәжірибе өтуді қамтиды. Диссертацияны дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшілердің басшылығымен өтеді.

Түлектер ғылыми қызметкерлер, жетекші мамандар, бағдарламалық қамтамасыз етудің әзірлеушілері және дизайнерлері, бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасы мен оны әзірлеу үдерістері бойынша менеджерлер ретінде ғылыми зертханаларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттерде, ІТ-технопарктерде, өнеркәсіптік-өндірістік салалардағы Ақпараттық технологиялар бөлімдерінде, жетекші IT-компанияларда, мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда және экономиканың түрлі салаларында зерттеулер жүргізетін басқа да ұйымдарда жұмыс істейді.