Machine Learning & Data Science
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Деректерді талдау, бөлінген есептеулер және машиналық оқыту саласындағы ғылыми, эксперименттік-зерттеу, педагогикалық қызметке бағытталған ғылыми кадрларды даярлайтын инновациялық білім беру бағдарламасы. Түлектерге PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі.
Докторанттарға жасанды интеллект саласының модельдері мен алгоритмдерін, жасанды нейрондық желілердің қызмет ету аспектілерін, машиналық оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, анық емес логика элементтерін, есептеуіш күрделілік теорияларын және мультиагенттік жүйелерді тереңдете оқытады. Экономиканың нақты секторы мен жобаларды коммерцияландыру үшін қолданбалы жобаларды әзірлеу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді.
Докторанттар шетелдік кеңесшілердің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысады. Докторантураның оқу жоспарлары жетекші шетелдік университеттерде міндетті түрде тәжірибе өтуді қамтиды. Диссертацияны дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшілердің басшылығымен өтеді.
Түлектер ғылыми зертханаларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттерде, ІТ-технопарктерде, өнеркәсіптік-өндірістік салалардағы Ақпараттық технологиялар бөлімдерінде, жетекші IT-компанияларда, мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында зерттеулер жүргізетін басқа да ұйымдарда ғылыми қызметкерлер немесе жетекші мамандар ретінде жұмыс істейді.