Кибернетика және жасанды интеллект
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M094 Ақпараттық технологиялар |
Алгоритмдер және деректер құрылымы |
Деректер базасы |
Математикалық және компьютерлік модельдеу, инновациялық технологиялар бағыты бойынша басқару шешімдерін жасау мен болжау және жасанды интеллект жүйесін әзірлеу саласына қажетті мамандарды даярлайды .
Бітірушілерге 1,5 жылдық оқу кезінде техника мен технология магистрі, ал 2 жылдық оқу кезінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі.
Бағдарлама математиканың іргелі негіздерін және жасанды интеллектіні меңгеруді қарастырады. Түлектер Data Science, Data Engineering, Quantitative Analysis (Python және R тілдерінде) саласында барлық қажетті дағдыларды игеру мүмкіндігіне ие болады.
Түлектер физикалық, табиғи, химиялық, медициналық, биологиялық және экономикалық процесстер мен технологиялардың компьютерлік үлгілерін жасауға мүмкіндік беретін математикалық әдістер жиынтығын біліп шығады. Қажет болса, жаңа ғылыми бағытты да білуге болады.
Сіз жоғары деңгейдегі объектілі-бағдарланған бағдарламалау тілдерінде модельдер құра аласыз, ғылым мен әртүрлі пәндердің көптеген салаларын синтездеуге негізделген күрделі анимациялық эффектерді құрып, тұрақты өзгеретін әлемде тиімді басқару шешімдерін жасай аласыз.
Магистранттар кәсіби, ғылыми және ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде семестр бойы білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ түлектер ғылыми, телекоммуникациялық, білім беру ұйымдарында, өнеркәсіпте жұмыс істей алады, жаңа технологияларды дамыту, қоғамдық, экономика, өндіріс, ғылымды жетілдіру мәселелерін шеше алатын болады.
Мамандық «Математикалық экономика» New School of Economics Satbayev University бірлескен бағдарламасына енгізілді. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды қамтиды.