Ақпараттық жүйелерді басқару
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M094 Ақпараттық технологиялар |
Алгоритмдер және деректер құрылымы |
Деректер базасы |
Қазақстанда әртүрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді кешенді дамытудың заманауи әдістері саласындағы мамандарды дайындау жөнінде жүйелі білім беретін жалғыз бағдарлама.
Түлектер 1,5 жыл оқығанда техника және технология магистрі немесе 2 жыл оқығанда техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алады.
Әлемнің жетекші мамандарының бағалауы бойынша ақпараттық жүйелер заманауи ақпараттық технологиялардың дамуындағы жетекші және сұранысқа ие бағыт болып табылады. Оған себеп – компьютерлік заманның қарыштап тез дамуы.
Бағдарлама инновациялық даму және IT-технологиялардың перспективалық кластерлерін жаңғырту ауданында жұмыс істейтін мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама АТ дамуындағы заманауи тенденцияларды және әлемнің жетекші университеттерінің магистрлік білім бағдарламаларын есепке ала отырып дайындалды.
Сіздер алгоритм және бағдарламалау, бизнес-үрдістерді модельдеу, әртүрлі қасиеті бар деректерді талдау және ақпараттық жүйелерді кешенді дамыту саласындағы жүйелік білімдерді меңгересіздер. Сондай-ақ жүйелік талдау әдістерін, ақпараттық жүйелерді дамытудың, енгізудің және пайдаланудың тиімділігін бағалауды білетін боласыздар.
Оқу бағдарламасында шетелдік жетекші университеттердің және білім беру орталықтарының тәжірибесі қолданылған, дәрістерді және тренингтерді өткізу үшін әлемнің жетекші университеттерінің профессорлары шақыртылады.
Оқу барысында магистранттар ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады, инновациялық жобаларды орындайды. Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтеді және семестр бойы шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқуға мүмкіндік алады.
Магистрлерді даярлаудың ерекшеліктері – экономика-математикалық пәндерді, заманауи АТ-технологияларын тереңдете оқыту және ағылшын тілінде оқу болып табылады. Магистратурада оқитын студенттер АТ ақпараттық жүйелер кластерінде іздеу, зерттеу және тәжірибелік зерттеулерге белсенді қатысып, инновациялық жобаларды жүзеге асырады.
Магистратура түлектері түрлі салалардағы IT-мамандары: инженер-бағдарламашылар, жүйелік әкімшілер, дерекқор әзірлеушілер мен әкімшілері, университеттің және оқу орталығының оқытушылары, жүйелік бағдарламашылар және экономика, соның ішінде өндіріс, ғылым және білім беру салаларында әртүрлі талдаушылар болып жұмыс істейді.