Management information systems
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Әртүрлі мақсаттарда қызмет көрсететін ақпараттық жүйелерді дамытудың заманауи әдістері саласындағы ғылыми, ғылыми-эксперименталды зерттеулерге, педагогикалық қызметке бағытталған ғылыми кадрларды дайындайтын инновациялық білім беру бағдарламасы. Түлектерге PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі.
Ақпараттық жүйелерді жобалау және құру, шешімдер қабылдау жүйесін, сараптамалық және интеллектуалды жүйелерді, экономиканың түрлі салаларында, қаржы, өндіріс және басқа да салалардағы ақпараттық іздеу жүйелерін құру жөніндегі мамандарды даярлайтын Қазақстандағы жоғары сапалы және кең көлемде білім беретін жалғыз бағдарлама.
Әлемнің жетекші мамандарының пікірінше, ақпараттық жүйелер заманауи ақпараттық технологиялар дамуының жетекші және ең қажетті саласы болып табылады. Бұл адамдардың қызмет ету саласының барлық аумағын камтитын үлкен, бөліп таратылған компьютерлік жүйелердің белсенді түрде таралуымен түсіндіріледі.
Сіз әртүрлі мақсаттар үшін ақпараттық жүйелердің тиімділігін алгоритмдеу, деректер құрылымдары, өңдеу әдістері туралы жүйелік білімдерді меңгересіз. Жүйелі талдау және тиімді өңдеуді бағалау, ақпараттық жүйелерді және оның элементтерін енгізу және функционалдау әдістерін білетін боласыз.
Оқу бағдарламалары жетекші шетелдік университеттер мен білім беру орталықтарының тәжірибесін пайдаланады, дәріс оқып, тренингтер өткізу үшін әлемнің жетекші университеттерінің профессорлары шақырылады.
Зияткерлік кәсіпкерлік, экономиканың нақты секторы үшін қолданбалы жобаларды дамыту және іске асқан жобаларды коммерциализациялау сияқты салаларға үлкен көңіл бөлінеді. Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті дамытуға ерекше назар аударылады.
Докторанттар шетелдік кеңесшілердің басшылығымен ғылыми-зерттеу жобаларына белсене қатыса алады. Докторантураның оқу жоспары жетекші шетел университеттерінде міндетті түрде тағылымдамадан өтуді қамтиды. Диссертацияны дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшілердің басшылығымен жүргізіледі.
Түлектер ІТ-мамандары, инженер-бағдарламашылар, жүйелік әкімшілер, дерекқор өңдеушілері мен әкімшілері, автоматтандырылған басқару жүйелерінің инженерлері, жүйелік бағдарламашылар мен аналитиктер, Қазақстанның жетекші зерттеу университеттерінде, банктер мен ірі кәсіпорындарда Web-әкімшілер ретінде жұмыс істейді.
Түлектер экономиканың әртүрлі салаларында, ғылыми орталықтарда, университеттерде, ұлттық және жеке меншік компаниялар мен басқа да ұйымдарда ғылыми-зерттеу, жобалық және білім беру қызметін жүзеге асыратын оқытушылар, ғылыми зерттеушілер ретінде жұмыс істейді.