Software Engineering

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
naar
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M094 Ақпараттық технологиялар

Алгоритмдер және деректер құрылымы

Деректер базасы

Қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді әзірлеу саласына қажетті мамандарды даярлау. Түлектер жаңа есептеу технологияларын қолдана отырып, кең ауқымды бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер болып шығады.

Бітіруші түлектер 1,5 жылда оқу кезінде техника және технология магистрі немесе 2 жылдық оқу кезінде техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алады.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің заманауи әдістерін, әртүрлі масштабтағы желілік технологияларды меңгеру және ақпараттық жүйелердің кең спектрін басқару, бөлінген есептеу құралдарын меңгеру келесідей іскерлікті береді: компьютерлік жүйелер мен желілерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді ескере отырып, операциялық және ақпараттық жүйелерді жобалау, құру және сүйемелдеу.

Магистранттар кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикадан өтеді және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша семестр бойы шетелде оқи алады.

Бітірушілер бағдарламалық қамтамасыз етудің жетекші мамандары, әзірлеушілері және сәулетшілері, бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасы мен оны ІТ-технопарктерде, өнеркәсіптік-өндірістік салалардағы Ақпараттық технологиялар бөлімдерінде, жетекші IT-компанияларда, мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда әзірлеу процестері бойынша менеджерлер болып жұмыс істейді.