Ақпарат:

Автоматтандыру және роботтандыру

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В063 Электротехника және автоматтандыру Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
asiin
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару саласында 4.0 төңкерісті іске асыру мақсатында құрылған инновациялық білім беру бағдарламасы.

Бағдарлама математикалық, жаратылыстану-ғылыми, базалық және тілдік пәндердің үлкен көлемін қамтиды. Автоматтандыру пәндері, роботтандыру пәндері және жасанды интеллект әдістерін қолдану бойынша үш топқа бөлуге болатын жаңа бейінді пәндер қосылған.

Сіз мына инновациялық пәндерді оқитын боласыз:

  • Роботтандырылған өндірісті технологиялық дайындауды автоматтандыру негіздері;
  • Техникалық және роботтандырылған жүйелерде автоматтандыру және басқару;
  • Роботтандырылған өндірістің АЖЖ негіздері;
  • Технологиялық процестерді интеллектуальды басқару жүйелері;
  • Өндірістік жүйелерді басқару мен диагностика жасаудағы жасанды интеллект әдістері;
  • Өндірістік процестерді роботтандыру;
  • MES-жүйелерін құру негіздері;
  • Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары мен әдістері;
  • Ақпарат қорғау мен қауіпсіздік аппаратының құралдары;
  • Электротехникалық жүйелер монтажы мен баптау.

Бакалавриаттың толық курсын табысты аяқтаған жағдайда, Сізге автоматтандыру және роботтандыру саласында техника және технологиялар Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Сіз:

  • заманауи технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерін және роботтандырылған технологиялық кешендерді;
  • автоматтандыру және роботтандыру жүйелерін жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып, салыстырмалы талдау және бағалау үшін программалық құралдарын қолданудың заманауи тәсілдерін;
  • әртүрлі өнеркәсіп салаларында технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару және роботтандырылған жүйелердің функционалдық сүлбелерін құру әдістерін оқисыз.

Сіз:

  • заманауи программалық құралдарды және математикалық модельдерді қолданып, автоматтандыру және роботтандыру жүйелеріне салыстырмалы талдау және бағалау жүргізуді;
  • автоматтандыру және роботтандыру жүйелерін синтездеу үшін заманауи алгоритмдік және программалық қамтамасыз етуді пайдалануды;
  • автоматтандыру және роботтандыру жүйелерінің техникалық құралдарын монтаждау мен баптауға үйренесіз.

Оқу кезінде студенттер Verbulak, Siemens-Қазақстан, АСУТП-Honeywell, НАТ «Қазақстан», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазцинк», «Қазфосфат» МУ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниялары мекемелерінде өндірістік практикадан өтеді.

Түлектер өнеркәсіптің түрлі салаларында автоматтандырылған басқару жүйелері және роботтандырылған технологиялық кешендері техникалық құралдарын пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу және баптау бойынша өндірістік бөлімшелерде инженер болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту