Ақпарат:

Автоматтандыру және роботтандыру

Деңгейі
Бағасы
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 100
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Автоматтандырылған және роботтандырылған жүйелерді әзірлеу, жобалау, монтаждау, іске қосу және пайдалану кезіндегі ғылыми, эксперименталды-зерттеу және педагогикалық қызметтерге бағытталған ғылыми кадрларды даярлайтын инновациялық білім беру бағдарламасы. Бітірушіге PhD (философия докторы) атағы беріледі.

Бағдарлама «4.0. өнеркәсіптік революция» талаптарына сәйкес келетін ғылыми қызметкерді дайындауға бағытталған. Докторанттар тиімді басқарудың математикалық әдістерін, робасты басқару жүйелері мен интеллектуалды жүйелерді әзірлеу әдістерін, адаптивті басқарудың математикалық әдістерін, динамикалық жүйелер теориясын, интеллектуалды роботтарды, мобильді роботтарды жасауды үйренеді.

Автоматтандыру және роботтандырудың техникалық құралдарын үйрену үшін Сәтбаев университетінің оқу зертханалары «Siemens», «Festa», «Fisher-Rosemount», «Honeywell», «Schneider Electric» сияқты әлемдік алдыңғы қатардағы брендтердің құрылғыларымен және приборларымен жабдықталған. «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы Ханиуэл (АҚШ) аэрокосмостық компаниясымен, Schneider Electric (Франция) компаниясымен,  Флоренция  университетімен (Италия), Словакия технологиялық университетімен, Нью-Йорк мемлекеттік университетімен (Бингхамтон, АҚШ) және басқалармен белсенді түрде бірлесіп жұмыс жасайды.

Кәсіби қызметке практикалық дайындық барысында докторанттар Verbulak, Siemens-Казахстан, АСУТП-Honeywell, НАТ «Қазақстан», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазцинк», «Қазфосфат» МУ, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» сияқты кәсіпорындарда практикадан өте алады.

Докторанттар шетелдік кеңесшілер жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді түрде қатысады. Докторантураның оқу жоспарында шетелдік алдыңғы қатарлы Люблин техникалық университетінде (Польша) және Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық университетінде (Ресей), Италия, Франция, Словакия, Жапония және Австралия университеттерінде тәжірибеден өту қарастырылады.

Диссертацияны жазу және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшінің басшылығымен өткізіледі.

Бітіруші түлектер ЖОО мен колледжде оқытушы, ғылыми-зерттеу орталықтарында және университеттерде, ұлттық және жеке компанияларда, басқа да мекемелерде, экономиканың әртүрлі саласында ғылыми қызметкер болып жұмыс істей алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту