Автоматтандыру және роботтандыру

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M100 Автоматтандыру және басқару

Электротехниканың теориялық негіздері

Сызықтық автоматты басқару жүйелері

«Автоматтандыру және басқару» жалпы білім беру бағдарламасы (ЖБББ) жобалау, монтаждау, құрастыру, автоматтандыру және роботтандыру жүйесін пайдалануға енгізу саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Бітіруші түлектер 1,5 жыл оқу барысында техника мен технология магистрі деген, ал 2 жыл оқу кезінде техника ғылымдарының магистрі деген академиялық дәрежеге ие болады.

Кәсіби қызметке дайындау барысында магистранттар жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерін және микроконтроллерді бағдарламалауды, тиімді басқару және математикалық модельдеу әдістерін, роботтандыру, автоматтандыру жүйелерін құру мен жасаудың, басқару мен жасанды интеллектті құру мен жасаудың заманауи әдістері мен құралдарын меңгереді.

Бағдарлама 4.0. өнеркәсіптік революцияны іске асыру үшін автоматтандырылған және роботты басқару жүйелерін синтездеудің заманауи бағдарламалық өнімдерін және әдістерін зерттеуге бағытталған. Атап айтқанда, классикалық әдістерді білуден және оларды автоматтандыру мен роботтандыру жүйелерін құруға қолданудан басқа интеллектуалды басқару жүйелерін құру әдістері кеңінен зерттеледі. Сонымен қатар конструкторлық және технологиялық жобалауды автоматтандыруға  назар аударылады – жобалаудың автоматтандырылған жүйелері (ЖАЖ) және өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйелері (ӨТДАЖ) қарастырылады.

Автоматтандыру және роботтандырудың техникалық құралдарын үйрену үшін Сәтбаев университетінің оқу зертханалары «Siemens», «Festa», «Fisher-Rosemount», «Honeywell», «Schneider Electric» сияқты әлемдік алдыңғы қатардағы брендтердің құрылғыларымен және приборларымен жабдықталған. «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы Ханиуэл (АҚШ) аэрокосмостық компаниясымен, Schneider Electric (Франция) компаниясымен,  Флоренция  университетімен (Италия), Словакия технологиялық университетімен, Нью-Йорк мемлекеттік университетімен (Бингхамтон, АҚШ) және басқалармен белсенді түрде бірлесіп жұмыс жасайды.

Магистранттар кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикадан өтеді және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде бір семестр оқып келе алады. Оқу барысында Verbulak, Siemens-Казахстан, АСУТП-Honeywell, НАТ «Қазақстан», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазцинк», «Қазфосфат» МУ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» сияқты кәсіпорындарда өндірістік практикадан және Люблин техникалық университетінде (Польша), Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық университетінде (Ресей) тәжірибеден өте алады.

Сәтбаев университетінің түлектері құрылыста, машина жасауда, химия, тау-кен өнеркәсібінде, мұнай, газ, металлургия салаларында жұмыс істеуге дайын болады. Олар  автоматтандырылған басқару жүйелері мен өндірістік процестерді роботтандырудың техникалық құралдарын әзірлеу, пайдалану, жөндеу және реттеу салаларында жетекші мамандар ретінде жұмыс істейді.