Ақпарат:

Мұнай-газ және кен геофизикасы

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
asiin
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Пайдалы қазбадағы тау жыныстарының минералдық құрамын, олардың концентрациялық сипаттамасын, жатыс жағдайын, жаратылыс ерекшеліктерін білгісі келетін, пайдалы қазбаны іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері саласына қажетті мамандарды даярлайды. Білім беру бағдарламасы инновациялық әдістер және технологиялар негізінде жасалып, БСҚТҚА-да аккредиттелген.

Сіз геологиялық-геофизикалық мәселелерді шешу әдестерін, базалық және профильдік пәндерді игеру негізінде практикалық тәжірибе және мұнай-газ бен руда геофизикасы саласы бойынша теориялық білім аласыз. 

Сіз далалық және ұңғымалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, деректерді өңдеу, интерпретациялау және модельдеу сияқты геологиялық-геофизикалық зерттеулердің кезеңдері арқылы сатылы түрде сапалы кәсіби білім аласыз, геофизикалық әр әдістің мүмкіндіктерін бағалай аласыз.

Сіз пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудағы тура және кері есепті шешу әдістерін үйренесіз; барлау процесін ұйымдастырудың әдістері мен қағидаттарын, пайдалы қазбалар кен орындарында нысаналы объектілерді жіктеуді білетін боласыз; геологиялық және геофизикалық деректерді талдау және оларды құрылымдауды, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудағы геологиялық-геофизикалық әдістер саласындағы мәселелерді шешудің мақсаттары мен әдістерін белгілеуді игере  аласыз.   

«Геофизика» кафедрасының студенттері геофизикалық аппараттармен және алынған геофизикалық мәліметтермен жұмыс жасауды, лабораториялық және далалық геология-геофизикалық мәліметтерді анализдеу, өңдеу, талдауды іс жүзінде қолдануды үйренеді. Бакалаврдың оқу бағдарламасына заманауи компьютерлік бағдарламалармен Studio RM, Petrel, Eclipse, Surfer, Geosoft, Geolog-Focus, Echos-Gold жұмыс жасауды үйрету кіреді.

Мұнай-газ және қатты пайдалы қазба геология-геофизикасының замануи мәселелері туралы  лекциялар  жүргізуге алыс-жақын шетелдердің жетекші университеттерінен профессорлар, ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік компаниялардан сарапшылар шакырылады.

Студенттер  Қаратау полигонында оқу практикаларын және өндірістік практиканы ғылыми-зерттеу институттарында, Karachaganak Petroleum Operating, «Тенгизшевройл», «Қазгеология», «PGD SERVICES», «ДАНК», PGS, «НПЦ «Геокен»,  «ТатАрка», «Қазақстанкаспийшельф» «Қазақ геофизикалық компаниясы», «Батыс ГеофизСервис»,  «Компания ГИС», «Азимут Энерджи Сервисиз», «Қазақмыс», «Қазатомөнеркәсіп» және т.б. операторлық және сервистік компанияларда өте алады.

Үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Колорадо тау-кен мектебінде (АҚШ), Томск мемлекеттік университетінде, Фрайе Университетінде (Германия), Лоррэн Университетінде (Нанси, Франция), Тау-кен техникасы және технологиясы институтында (Пекин, Қытай) және басқа да ЖОО-да қосымша білім ала алады.  

Бітіруші түлектер техника және технология бакалавры атанады және мұнай-газ, тау-кен компанияларында және ғылыми-зерттеу институттарында инженерлік қызметті атқара алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту