Телекоммуникация
Деңгейі
Оқу жолдары

  Солға қарай айналдырыңыз

ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру мамандықтарының классификаторы бойынша оқыту жолдары Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар В059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар Математика - Физика
Бағасы
635 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    4. «Оқу траекториясы» деген бағандағы код номерін қолдану қажет емес. Ол өткен жылғы мамандықтардың код номерлерін (2019 жылға дейін) білім беру бағдарламаларының жаңа код номерімен («Білім беру бағдарламаларының тобы» деген баған) салыстыру үшін және сізге ыңғайлы болу үшін келтірілген.

    Толығырақ

Төртінші өндірістік төңкеріс – 4.0 индустрияның негізгі қағидаларын іске асыру мақсатында құрылған инновациялық білім беру бағдарламасы. Бағдарлама ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерді басқару және өңдеу саласына, соның ішінде сандық аппараттарды өңдеу мен ғарыштық байланыс жүйелеріне қажетті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектер экономиканың барлық салаларында, мемлекеттік басқаруда және басқа салаларда, соның ішінде ғарыш саласының спутникті жүйелерінде қызмет етеді.

Бағдарлама математикалық, жаратылыстану-ғылыми, базалық және тілдік пәндердің үлкен көлемін қамтиды. Екі топқа бөлуге болатын жаңа бейінді пәндер қосылған, олар: қазіргі заманғы радиоэлектрондық телекоммуникация бойынша пәндер және сандық ақпараттар мен ғарыштық түсірілімдерді спутниктік жүйелер бойынша қабылдау, өңдеу және тарату.

Сондай-ақ Сіз мына пәндерді оқитын боласыз: Электр тізбегі теориясы; Электр байланыстарының теориясы; Электрониканың физикалық негіздері; Электробайланыстың бағыттаушы жүйелері; Электрондық жабдықтардың схематехникасы; Байланыс желілері және коммутация жүйелері; Цифрлық байланыстың технологиясы; Желілік технологиялар; Микропроцессорлық және микроконтроллерлік құрылғылары мен жүйелер; Телекоммуникациядағы талшықты оптикалық  жүйелер; Антенна-фидерлі кұрылғылар және радиотолқындардың таралуы; Радиотарату және радиоқабылдау құрылғылары; Сымсыз байланыс технологиясы; Жерсеріктік байланыс жүйелері; Телекоммуникациядағы геоақпараттық жүйелер; Телерадиотарату цифрлық жүйелері; Интеллектуалдық желілер.

Бағдарлама пәндерінің мазмұны әлемнің жетекші университеттерінің тиісті білім беру бағдарламаларын ескере отырып жасалған. Студенттер әртүрлі мақсаттағы пәндер кешенін оқиды ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерді басқару және өңдеу саласында. Цифрлық байланыс технологияларына ерекше назар аударылады.

Мамандық бойынша оқыту сапасын арттыру үшін оқытушылар оқытудың инновациялық әдістерін кеңінен қолданады: көптеген пәндер бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыстар компьютерлік техника мен мамандандырылған бағдарламаларды қолдана отырып жүргізіледі, виртуалды зертханалық жұмыстар қолданылады. Бұл "MathCAD", "LabVIEW", "MatLab", "Multisim", Electronics Workbench сияқты қолданбалы бағдарламалар, сондай-ақ зертханалық қондырғылар.

«Телекоммуникация инженериясы»бағыты бойынша студенттер «Қазақтелеком», «Транстелеком», «КаР-Тел», «АЛТЕЛ», «Tele2», «Қазтелерадио», «Кселл»және т.б. сияқты ұлттық және жеке телекоммуникация мен байланыс компанияларында, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың телефон станцияларында тәжірибеден өтеді. Үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдің жетекші университеттерінде оқуға мүмкіндік алады.

«Телекоммуникация»түлектері телекоммуникациялық бизнес процестерін ұйымдастыру және экономиканың әртүрлі секторларында байланыс жүйелерін әзірлеушілер үшін байланыс операторлары, электроника мамандары, операторлар, менеджерлер ретінде жұмыс істейді. 

Білім беру бағдарламасы туралы толығырақ