Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Техникалық аспектіде еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін құзыреттілікті алуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік жүйелері саласындағы мамандарды даярлау. Түлектерге PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі.
Сіз жаһандану және интернационализация тұрғысынан ақпараттық қауіпсіздік және қорғау саласында жүйелік білімдерді; ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми білімдердің әдістемесі; әртүрлі салаларда ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін құрудың қазіргі заманғы әдістерін құру және талдау; ақпараттарды криптографиялық қорғаудың заманауи құралдарын пайдалану мен дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін меңгересіз.
Сіз осалдықтарды талдауды, аудиттің ақпараттық қауіпсіздігін талдауды, ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін зерттеуді, ақпаратты қорғау жүйесін жобалауды, кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ету жүйелерін енгізуді және басқаруды үйренесіз.
Оқу бағдарламасында шетелдің жетекші университеттерінің және білім орталықтарының тәжірибесі қолданылған, тренингтер мен дәрістерді оқу үшін әлемнің жетекші университеттерінің профессорлары шақырылады.
Докторанттар шетелдік кеңесшілердің басшылығымен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді түрде қатысады. Докторантурада оқу жоспарына шетелдің жетекші университеттерінде міндетті тағылымдамадан өту жатады. Диссертацияны дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекші басшылығымен жүргізіледі.
Түлектер ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттерде оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, ақпараттық қорғау және қауіпсіздік саласында, ұлттық және жеке компанияларда, басқа да ұйымдарда әртүрлі сала бойынша ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әзірлеу, жобалау және енгізу бөлімдерінің жетекшілері ретінде жұмыс істейді.