Ақпараттық қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз ету
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M095 Ақпараттық қауіпсіздік |
Алгоритмдік бағдарламалау тілдері |
Алгебра мен анализдің сандық әдістері |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік технологиялары (электрондық цифрлық қолтаңба, сәйкестендіру инфрақұрылымы, желілік хаттамаларды қорғау, вирусқа қарсы қорғау, мазмұнды сүзу және т.б.) саласына қажетті мамандарды даярлау.
Бағдарлама ақпараттық қауіпсіздікті басқару саласындағы кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қолданыста бар білім беру бағдарламаларына қарағанда айырмашылығы – түлектердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін халықаралық тәжірибені және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стандарттарын қолдануға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі даярлықты белсенді түрде кеңейту жоспарланып отыр.
1,5 жыл оқыған бітірушілерге техника мен технология магистрі дәрежесі немесе 2 жыл оқығандарға техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
Сіздер ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жобалай, тестілей, пайдалана және басқара алатын боласыздар, жүйелердің бағдарламалық-аппараттық қауіпсіздігін қамсыздандырумен, сәйкестендіру инфрақұрылымымен, желілік хаттамаларды қорғаумен, антивирустық қорғаумен, мазмұнды сүзу және т.б. жұмыс істейтін боласыздар.
Қауіпсіздік мамандары ұйымдық-техникалық мәселелерден бастап, C++, Java, SQL (Oracle, SQLServer) және т.б. тілдерінде бағдарлама жазу дағдыларына дейін кең ауқымды білімді меңгереді. Бітірушілер барлық өнеркәсіп салаларында, коммерциялық және ведомстволық құрылымдарда жұмыс істейді, вирустық шабуылдардан және хакерлердің бұзуынан қорғайтын жүйелер жасайды. Олар маңызды ақпараттың ағуына және жалған деректерге жол бермейді, ақпаратты қорғау жүйелерін дамытады, қолданыстағы қауіпсіздік жүйелерін қолдайды және жаңартады.
Оқу барысында магистранттар ақпараттық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын ұйымдар негізінде ғылыми-педагогикалық және өндірістік тәжірибе өтеді:
- Ақпараттық және есептеу техникасы институты (Ақпараттық қауіпсіздік зертханасы);
- «Галактика» корпорациясы – «Галактика» (ERP-жүйесі) кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған кешенді жүйесінің ТМД-дағы ең ірі өндірушісі;
- «Пацифика» – ТМД-дағы ақпараттық қауіпсіздіктің жетекші интеграторы;
- «VelaIT» – бағдарламалық жасақтама жасаушы, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша және т.б. міндеттерді шешуге арналған.
Магистранттарға АҚШ, Батыс Еуропа және Ресейдегі шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында үздіксіз оқудың нәтижелері бойынша магистранттың халықаралық біліктілігін алу мүмкіндігі беріледі.
Барлық іс-әрекеттердің цифрландырлуына және ақпараттық қауіпсіздік мамандарының жетіспеушілігіне байланысты әлемдік қоғамдастықта ақпараттық қауіпсіздік мамандарына деген сұраныс үнемі өсіп келеді. Түлектер тек мемлекеттік органдарда, ведомстволарда ғана емес, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда да сұранысқа ие. Олар ақпараттық жүйелерді қорғау жүйелерін ұйымдастырады, вирус және хакерлік шабуылдардан кәсіпкерлік инфрақұрылымын қорғайды, өз қызметкерлерінің қабілетсіздігіне (немесе зиян келтіретін ниеттеріне) қарсы қорғаныс жасайды, елдің қорғаныс қабілетін қорғау бойынша стратегиялық ақпаратты қорғау жүйесін дамытады, құпия ақпаратпен мәліметтер қорын қалыптастырады, мемлекеттік және коммерциялық құпияларды және т.б. сақтайды.