Биомедициналық инженерия
Деңгейі
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 102
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    4. «Оқу траекториясы» деген бағандағы код номерін қолдану қажет емес. Ол өткен жылғы мамандықтардың код номерлерін (2019 жылға дейін) білім беру бағдарламаларының жаңа код номерімен («Білім беру бағдарламаларының тобы» деген баған) салыстыру үшін және сізге ыңғайлы болу үшін келтірілген.

    Толығырақ

Биомедициналық инженерияны дамытудың инновациялық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізуге қабілетті, халықаралық стандарттарға жауап беретін және Қазақстанға әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуға мүмкіндік беретін жоғары білікті мамандарды даярлау. Түлектерге PhD докторы дәрежесі беріледі.

Түлектер заманауи жабдықтармен және аспаптармен, компьютерлік техникамен және бағдарламалық құралдармен жабдықталған 30 мамандандырылған зертханаларда практикалық тәжірибе жинақтайды. Оқу барысында ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Компас 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics және APM WinMachine сияқты халықаралық деңгейдегі автоматтандырылған жобалаудың жаңа жүйелері қолданылады.

Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен бірлесе отырып, TFH Georg Agricola (Германия), Pennsylvania State University, University de Loraine, AGH University of Science and Technology, CAUST, University Texas, Braunswille, University of Science and Technology Liaoning (Қытай) және т.б. университеттерімен байланыс жасайды. Докторанттар әлемнің бүкіл техникалық университеттерінде тағылымдамадан өте алады.

Түлектер жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, медициналық мекемелерде инженерлер, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда менеджерлер болып жұмыс істейді.