Робототехника және мехатроника
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M102 Робототехника және мехатроника |
Электроника негіздері |
Интегралды және микропроцессорлық схематехника |
Басқарудың жаңа әдістерін әзірлеу, ақпаратты өңдеу және кең мақсаттағы мехатронды және робототехникалық жүйелердің, олардың кіші жүйелері мен жеке модульдерінің жаңа конструктивтік шешімдерін іздеу, мехатроника, робототехника, басқару теориясы және жасанды интеллект әдістері саласында зерттеулер жүргізу үшін қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Түлектерге 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі, ал 2 жылдық оқу кезінде техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
Сіз ақпараттық-сенсорлық, атқарушы және басқарушы модульдерді қамтитын мехатрондық және робототехникалық жүйелерді құру мен қызмет көрсетуді, олардың бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуін, әртүрлі мақсаттағы мехатрондық және робототехникалық жүйелердің теориялық және эксперименттік зерттеулерін жүргізуді үйренесіз.
Студенттер заманауи жабдықтармен және аспаптармен, компьютерлік техникамен және бағдарламалық құралдармен жабдықталған 30 мамандандырылған зертханаларда тәжірибелік практика өтеді. Білім беру барысында ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Компас 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics және APM WinMachine сияқты халықаралық деңгейдегі автоматтандырылған жобалаудың жаңа жүйелері қолданылады
Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен өзара байланыс жасап, TFH Georg Agricola (Германия), Pennsylvania State University, University de Loraine, AGH University of Science and Technology, CAUST, University Texas, Braunswille, University of Science and Technology Liaoning (Қытай) және т.б. университеттердің профессорларымен қарым-қатынас жасайды. Студенттер бүкіл әлемнің техникалық университеттерінде шетелдік тәжірибеден өте алады.
Бұл өз ісінің нағыз мамандарын талап ететін, қарқынды түрде өсіп келе жатқан жаңа сала. Бұл ретте еңбек нарығында бүгінгі таңда жаңа идеяларды жобалайтын және жасайтын теоретик-мамандар да, сондай-ақ қажетті параметрлерге жаңа тораптар жасайтын ұжымда өз қызметін жүзеге асыруға дайын сарапшы-практика мамандары да сұранысқа ие. Бұрын осы саланың кәсіби мамандары негізінен әскери, медициналық және ғарыш салаларындағы әзірлемелер үшін талап етілген болса, қазір енді олар кәдімгі фирмалар мен компанияларда да жоғары сұранысқа ие болып отыр.