Ақпарат:

Биомедициналық инженерия

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M102 Робототехника және мехатроника

Электроника негіздері

Интегралды және микропроцессорлық схематехника

Медициналық және экологиялық техника мен технологиялар, адам ауруларын диагностикалау, емдеу, оңалту және алдын алу үшін аспаптық құралдарды құру және қызмет көрсету және медициналық-биологиялық практиканың іс жүзіндегі және теориялық негіздегі міндеттерін шешуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласына қажетті жоғары білікті мамандар даярлау. АҚШ үкіметіне сәйкес, бұл технологияның жаңа дамуы мен күннен-күнге егде тартып келе жатқан тұрғындардың медициналық қажеттіліктерінің арқасында Американың бүкіл тарихындағы ең жылдам дамушы кәсіп болып табылады және алдағы онжылдықта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтардың жетілігіне кіреді.

Түлектерге 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі, ал 2 жылдық оқу кезінде техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Сіз практикалық денсаулық сақтау және биомедициналық зерттеулердің әртүрлі салаларына қажетті медициналық құралдарды, жүйелерді, кешендерді әзірлеу және олармен қызмет көрсетуді үйренесіз.

Студенттер заманауи жабдықтармен және аспаптармен, компьютерлік техникамен және бағдарламалық құралдармен жабдықталған 30 мамандандырылған зертханаларда тәжірибелік практика өтеді. Білім беру барысында ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Компас 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics және APM WinMachine сияқты халықаралық деңгейдегі автоматтандырылған жобалаудың жаңа жүйелері қолданылады.

Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен өзара байланысып, TFH Georg Agricola (Германия), Pennsylvania State University, University de Loraine, AGH University of Science and Technology, CAUST, University Texas, Braunswille, University of Science and Technology Liaoning (Қытай) және т.б. университеттердің профессорларымен қарым-қатынас жасайды. Студенттер әлемнің бүкіл техникалық университеттерінде шетелдік тәжірибеден өте алады.

Түлектер практикалық денсаулық сақтау мекемелерінде; медициналық техниканы өндіруші ұйымдарда; ғылыми зертханаларда, институттарда, емханаларда және медициналық орталықтарда; медициналық техниканы сатумен және сервистік қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындарда жоғары сұранысқа ие.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту