Индустриалдық автоматтандыру
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Өндірістегі автоматтандыру және басқару саласына қажетті жоғары білікті ғылыми мамандарды даярлауға бағытталған инновациялық білім беру бағдарламасы. Бағдарлама іргелі білімдерді, қолданбалы ғылыми зерттеулерді және заманауи әдістемелік тәсілдерді біріктіріп, докторанттар бойында интеллектуалды технологияларды, цифрлық шешімдерді және өндіріс секторын инновациялық басқару жүйелерін әзірлеу мен оларды енгізу құзыреттерін қалыптастырады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге PhD докторы дәрежесі беріледі.
Докторанттар автоматтандырылған жүйелерді дамытудың заманауи бағыттарын, соның ішінде өнеркәсіпті цифрландыру және жасанды интеллектті өндіріс орындарында пайдалану жолдарын зерттейді. Әсіресе өндірістік процестердің тиімділігін арттыру, жабдықтың интеллектуалдығын болжамды түрде диагностикалау, сондай-ақ интеллектуалды басқару жүйелерін әзірлеу мен енгізу үшін өнеркәсіптік заттар интернетіне баса назар аударылады.
Докторанттар Schneider Electric, Siemens, Festo, Honeywell секілді әлемдік жетекші брендтердің заманауи аспаптары мен құрылғылары негізінде оқиды.
Докторанттар шетелдік консультанттардың жетекшілігімен ғылыми жобаларға белсенді түрде қатысады және әлемдік жетекші компаниялар мен университеттердің академиялық алмасу бағдарламаларына қатысады, олардың қатарында Honeywell (АҚШ) аэроғарыштық компаниясы, Schneider Electric компаниясы, Флоренция университеті (Италия), Словакияның технологиялық университеті, Бингхамтонда (АҚШ) орналасқан Нью-Йорк мемлекеттік университеті және т.б. бар.
Диссертацияны дайындау мен қорғау жұмыстары отандық және шетелдік 2 ғылыми жетекшінің басшылығымен жүзеге асырылады. Докторантураның оқу жоспары шетелдік жетекші университеттерде: Люблин техникалық университетінде (Польша), Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық университетінде, Италия, Франция, Словакия, Германия және Корея университеттерінде тағылымдамадан өтуді міндеттейді.
Докторанттар «Verbulak», «Siemens-Қазақстан», «AСУПТ-Honeywell», «KazMinerals», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазцинк», «Қазфосфат МУ», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және т.б. кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді.
Түлектер өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында, инженерлік орталықтарда, IT-компанияларда менеджер және сарапшы болып қызмет атқарады. Олар әртүрлі салалардағы кәсіпорындарда өндіріс тиімділігі мен сенімділігін арттыру үшін заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерін, цифрлық технологияларды және «ақылды» шешімдерді әзірлейді және оларды өндіріске енгізеді.