Құрылыс инженериясы
Деңгейі
Оқу жолдары

  Солға қарай айналдырыңыз

ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру мамандықтарының классификаторы бойынша оқыту жолдары Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
5В075200 Инженерлік жүйелер мен желілер В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс Математика - Физика
5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар өндіру В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс Математика - Физика
5В072900 Құрылыс В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс Математика - Физика
Бағасы
750 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    4. «Оқу траекториясы» деген бағандағы код номерін қолдану қажет емес. Ол өткен жылғы мамандықтардың код номерлерін (2019 жылға дейін) білім беру бағдарламаларының жаңа код номерімен («Білім беру бағдарламаларының тобы» деген баған) салыстыру үшін және сізге ыңғайлы болу үшін келтірілген.

    Толығырақ

Бағдарлама жылу және газбен қамтамасыз ету, желдету және сумен жабдықтау, су әкету жүйелері объектілерін жобалау, монтаждау, жөндеу мен пайдалану саласында, сонымен қатар құрылыс инженериясы саласындағы біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды. Мамандарды даярлау үрдісі түлектерге техника және технология бакалавры дәрежесін берумен аяқталады.

Құрылыс инженериясы – бұл құрылыс саласындағы инженерия, құрылысты инженерлік қызметпен қамтамасыз ету, жобалау, материалдарды таңдау, салу, пайдалану, әзірлеу кезеңдерін қамтитын мамандық.

Студенттер сумен жабдықтау және суды әкету, жылу және газбен қамтамасыз ету, желдету жүйелерін жобалау, гидроэнергетика, көпір салу салаларында, сонымен қатар құрылыс материалдары мен құрылымдарының технологиясы саласында білім алады. Мамандырдың қызмет ететін кәсіби ортасы – құрылысты техникалық қамтамасыз ету, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардағы жұмыс орындары.

Бағдарламаның артықшылығы:

  • Жеке оқыту бағдарламасы;
  • Аса білікті профессор-оқытушылық құрамы;
  • Инженерлік жүйелері мен желілерін жобалау және пайдалану саласындағы жетекші ұйымдарда жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
  • Құрылыс қарқынының өсуіне байланысты түлектер жоғары сұранысқа ие.

Бағдарламаны зерделеу нәтижесінде алынған дағдылар:

  • Жүйелер мен бұйымдарды құрудың технологиялық процестері мен мөлшерін, материалдар шығынын есептеу;
  • Жобалық құрылымдық құжаттаманы нормативтік-техникалық материалдарды пайдалана отырып әзірлеу;
  • Анықтамалық-техникалық әдебиетпен, заманауи бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, нысандарды жобалау және есептеудің нормативтік құжаттарымен жұмыс істеу;
  • Елді мекендерді жоспарлау мен салу, ғимараттар мен құрылымдарды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды жобалау үшін бастапқы деректерді жинау және жүйелеу;
  • Аяқталған жобалық және құрылымдық жұмыстарды рәсімдеу, жобалық және жұмыстық техникалық құжаттамаларды дайындау;
  • Су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, муниципалдық, гидроэнергетикалық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастыру және басқару.

Түлектер құрылыс ұйымдарында, қалалық құрылыс шаруашылығының мамандандырылған ұйымдарында табысты жұмыс істеуде. Институт түлектері бөлімше немесе цех басшысы, құрылысты қадағалау және құрастыру немесе өндірістік процесстерді автоматтандыру және механикаландыру бойынша инженер-маман, сондай-ақ инженер-технолог, инженер-конструктор лауазымдарында жұмысқа орналаса алады.