Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M124 Құрылыс |
Құрылыс материалдары |
Құрылыс өндірісінің технологиясы 1 |
Кәсіпорындар құрылысын жобалау, құрылыс индустриясын басқару, жоғары сұранысқа ие құрылыс материалдары мен өнімдерді жобалау және өндіру, сондай-ақ ағаш өңдеу және құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің жаңа технологиялары саласындағы мамандарды даярлау.
Кәсіби қызмет пәні – құрылыс материалдары мен құрылымдары; оларды өндіру технологиясы, құрылыс материалдары кәсіпорындарын жобалау, құрылыс материалдарының сапасын қамтамасыз ету және бақылау. Бітірушілер – 1,5 жыл оқығандар техника және технология магистрі дәрежесін алады немесе 2 жыл оқығандар техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алады.
Магистранттар құрылыстағы, құрылыс өндірісін ұйымдастыру және технология жүйесін модельдеудегі, заманауи бағдарламалық өнімдер, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудағы ережелері мен шарттарының жаңа жетістіктерін біліп шығады.
Сондай-ақ темірбетон, металл, тас, ағаш және пластмассадан әртүрлі кернеулер жағдайына арналған құрылыс конструкцияларының жұмысы; бір қабатты, көп қабатты, өндірістік және азаматтық ғимараттарды есептеу және жобалау әдістемесі, құрама және монолитті ғимараттар салу технологиясы; металл конструкцияларды дайындау және монтаждау, көп қабатты ғимараттарды, энергетикалық және ресурс үнемдейтін технологиялар мен өндірістік желілерді енгізу туралы біліп шығады.
Магистранттар құрылыс материалдарын өндіру технологиясы мен кезеңдерін, олардың химиялық құрамы мен қасиеттерін, әртүрлі құрылыстарды, ғимараттар мен үймереттерді салу кезіңде қайта құру, монтаждық және жобалау жұмыстарының барлық ерекшеліктерін оқып біледі.
Элементтер мен құрылымдарға сәйкес есептеулер жасауды үйреніп, жоғары сапалы техникалық шешімдер жасайды, экологиялық және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, құрылыс пен қайта құрудың техникалық сипаттамаларын әзірлейді.
Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтіп, семестр ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде білім ала алады.
Магистратура бағдарламасы мамандық бойынша тереңірек білім береді және жобамен айналысатын жобалаушылар мен инженер-технологтардың тобын басқаруға мүмкіндік береді.
Бітірушілер конструкторлық бюроларда, жобалау институттарында, құрылыс фирмаларында, құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіретін кәсіпорындарда (байланыстырғыш заттар, бетон және темірбетон бұйымдарды, керамикалық құрылыс материалдарын, төсеніш материалдары мен бұйымдарын өндіретін және т.б. заводтарда), өндірістік және азаматтық ғимараттардың құрылысында инженер қызметін атқарады.