Инженерлік жүйелер және желілер
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Ғылыми, ғылыми-тәжірибелік зерттеулерге, елді мекендердегі сумен жабдықтау және суды әкету, жылу және газбен жабдықтау, желдету жүйелерін жобалауға, өндірістік кәсіпорындар мен су шаруашылығы және гидроэнергетикалық жүйелер саласына бағытталған ғылыми кадрларды даярлайтын инновациялық білім беру бағдарламасы. Түлекке PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі.
Докторанттар жылу және газбен жабдықтау, желдету, сумен жабдықтау, суды әкету жүйелері, гидротехникалық және гидроэнергетикалық қондырғылар саласында жаңа технологияларды жасауды зерттейді.
Зияткерлік кәсіпкерлікке, нақты экономикаға арналған қолданбалы жобаларды дамытуға және ескерілмеген жобаларды коммерцияландыруға көп көңіл бөлінеді.
Докторанттар шетелдік кеңесшілердің басшылығымен ғылыми жобаларға белсене қатысады. Докторантураға арналған жоспарларға жетекші шетел университеттерінде міндетті тағылымдамадан өту жатады. Диссертацияны дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшілердің басшылығымен жүргізіледі.
Диплом қала және елді мекендердегі инженерлік жүйелерді жобалау және пайдалану саласындағы жетекші ұйымдарда жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Түлектер гидротехникалық және гидроэнергетикалық құрылымдарды және сумен жабдықтау жүйелерін жобалау, пайдалану, сондай-ақ бағалау бойынша мамандандырылған ұйымдарда, өнеркәсіптік кәсіпорындардың сумен жабдықтау және су әкету жүйелері жөніндегі ұйымдарда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемелерінде жұмыс істейді.
Сонымен қатар түлектер ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттер, ұлттық және жеке меншік компаниялар мен басқа да ұйымдарда экономика және құрылыс салалары бойынша ғылыми-зерттеу, жобалық және білім беру қызметін жүзеге асыратын зерттеуші және оқытушы ретінде жұмыс істей алады.