Ақпарат:

Инженерлік жүйелер және желілер

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M127 Инженерлік жүйелер мен желілер

Құрылыс материалдары

Құрылыс жұмыстарының технологиясы

Жылу және газбен жабдықтау, желдету және сумен жабдықтау, суды әкету жүйелерін жобалау, монтаждау, қайта қалпына келтіру және пайдалану, ғимараттар мен үймереттерді инженерлік қамтамасыз ету салаларындағы мамандарды даярлау.

Бағдарлама заманауи инженерлік жүйелер және желілермен жұмыс істейтін мамандарды даярлауға бағытталған. 1,5 жыл бойы оқыған бітірушілерге техника және технология магистрі дәрежесі беріледі, ал 2 жыл бойы оқыған бітірушілерге техника ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.

Магистранттар құрылыс ғылымы, техника және технологияның соңғы жетістіктерін, ғимараттар мен үймереттердің инженерлік және санитарлық-техникалық жүйелерінің мәселелерін шешуде математикалық аппараттардың мүмкіндігін, компьютерлік, есептеуіш және графиксалғыш техникаларын, зерттеу жұмыстарын автоматтандыру әдістерін зерттейді.

Сіз ғимараттар мен үймереттердің инженерлік жүйелерін жобалау, жүйелердің бөліктері мен түйіндерін есептеу және құрастыру, инженерлік жобаларды дайындау, технологиялық жабдықтар мен машиналарды жасау, пайдалану және қамтамасыз ету жұмыстарын істейтін боласыз.

Оқуды инженерлік жүйелер мен желілер саласында мамандандырылған және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін білікті оқытушылар жүргізеді. Сонымен қатар шетелдерден шақырылған жетекші мамандар сабақ жүргізеді. Сабақ кестесі магистранттарға оқуы мен жұмысын біріктіріп, қатар алып жүруіне мүмкіндік береді.

Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтеді, сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде семестр бойы білім алу мүмкіндіктері бар.

Институт түлектері инженерлік жүйелер және желілер саласындағы жетекші ұйымдар мен қоршаған ортаны қорғау кәсіпорындарымен жұмыс істейтін нысандарда, құрылыс және жылу энергетикасы салаларында жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту