Ақпарат:

Құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын салу және өндіру

Деңгейі
Бағасы
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 124
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Инновациялық білім беру бағдарламасы, ғылыми кадрлар даярлайтын, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді, құрылыс материалдары мен бұйымдарды жобалау, салу және пайдалану, сондай-ақ ағаш өңдеу және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндірудің жаңа технологиялары саласындағы ғылыми, эксперименттік-зерттеу, педагогикалық қызметке бағытталған.

Түлекке PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі, дипломға Еуропалық комиссия, Еуропа кеңесі және ЮНЕСКО/СЕПЕС стандарты бойынша қосымша беріледі. Дипломға еуропалық қосымша ағылшын тілінде жеке сұраныс бойынша толтырылады және тегін беріледі.

Кәсіби қызметінің пәні – қазіргі заманғы ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеу және өндіріске әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар мен жабындарды енгізу, құрылыс материалдары кәсіпорындарын, сондай-ақ экономиканың құрылыс, мұнай, газ және көлік секторлары үшін ғимараттарды жобалау. Ғылымды, технологиялар мен техниканы дамытудың стратегиялық басымды бағыты болып табылады.

Сіз әртүрлі мақсаттағы органикалық және органикалық емес табиғи материалдарды әзірлеу, зерттеу, модификациялау және пайдалану; материалдарды, дайындамаларды, бөлшектер мен бұйымдарды алу процестері, сондай-ақ техника мен технологияның әртүрлі салалары үшін олардың сапасын басқару салалары бойынша білім аласыз.

Сіз материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу бойынша эксперименталды-зерттеу жұмыстарын жүргізе аласыз, қойылған міндеттерді шешуге қатысты берілген технологиялық және функционалдық қасиеттері бар жаңа материалдарды әзірлей аласыз, өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарды орындай аласыз.

Докторанттар шетелдік кеңесшілердің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысады. Докторантурада оқу жоспарлары жетекші шетелдік университеттерде міндетті түрде тағылымдамадан өтуді қамтиды. Диссертацияны дайындау және қорғау отандық және шетелдік екі ғылыми жетекшінің жетекшілігімен өтеді.

Болашақ мамандықтар: дефектоскопист, материалдарды химиялық және спектральды талдау жөніндегі инженер, электронды микроскопия жөніндегі инженер, материалдар мен жабындарды инженер-сынаушы, инженер-материалтанушы. Сондай-ақ түлектер ғылыми-зерттеу орталықтарында, университеттерде, ұлттық және жеке компанияларда, сондай-ақ экономика мен құрылыс салаларында зерттеу жүргізетін басқа да ұйымдарда оқытушылар, ғылыми қызметкерлер болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту