Құрылыс жобаларын басқару

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
Ақылы негіздегі бағдарлама Математика - География
Бағасы
905 760 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 140 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

«Құрылыс жобаларын басқару» бағдарламасы құрылыс жобаларын жүзеге асырудың барлық кезеңдерін тиімді басқара алатын мамандарды даярлауға арналған. Ол студенттерге келешекте құрылыс саласында табысты мансап құру үшін қажетті техникалық және басқару дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін кең ауқымды пәндерді қамтиды.

Студенттер құрылыс саласының менеджері мамандығын меңгере отырып, инвестициялық ниетті қалыптастырудан, жер телімдерін таңдаудан және инженерлік зерттеулерден бастап, объектілерді салу, реконструкциялау немесе жөндеу, кейін оларды пайдалануға беруге дейінгі дағдыларды үйреніп шығады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – студенттердің бойында құрылыс жобаларын басқару саласы бойынша жан-жақты білімдері мен қабілеттерін дамыту. Бұл маркетингті түсінуді, заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жобаларды басқаруды және сондай-ақ жоғары операциялық тиімділік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ете отырып, бизнес-процестерді жобалау және оларды іске асыру мүмкіндігін қамтиды. Сіздер құрылыс жобаларын түсінуді, сондай жобалардың тәуекелдерін анықтауды, олардың шығындарын бағалауды, жауаптарды жоспарлауды, жобаның негізгі қатысушылары арасындағы байланысты қамтамасыз етуді, жұмыс кестесі мен бюджеттің орындалуын бақылауды үйреніп шығасыздар.

«Құрылыс жобаларын басқару» бағдарламасының түлектері құрылыс саласында жоба менеджерлері, жоба үйлестірушілері, жобаларды басқару инженерлері, құрылыс жобалары бойынша кеңесшілер сияқты әртүрлі лауазымдарды атқара алады.