Executive Master of Business Administration

Деңгейі
Бағасы
1 200 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 400 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
naar
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Executive Master of Business Administration бағдарламасы тәжірибесі мол практиканттар мен өршіл жас мамандарға арналған:

  • Қазақстанның үздік топ-менеджерлер қатарына кіруге тырысып жүрген орта және жоғары буын жетекшілеріне;
  • Өз бизнесін дамытқысы келетін кәсіпкерлерге;
  • Бизнес әкімшілігі білімін қажет ететін лауазымды бос орындар үміткерлеріне арналған. 

Бағдарлама үнемі өзгеріп отыратын іскерлік орта мен жаһандық сын-қатерлер жағдайында компанияларды стратегиялық басқару үшін жүйелік ойлауды дамытуға және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқытылатын пәндер қатарында Корпоративтік басқару, Бизнестік зерттеу, Стратегиялық менеджмент және басқалары бар.

Бағдарлама заманауи бейімделген бизнес-курстар мен нақты практикалық тәжірибелерге негізделген, көшбасшылық және кәсіби шеберліктеріңізді үйлесімді дамытып, тиімді менеджер болуға көмектеседі. Бағдарлама компания қызметін жоспарлау, корпоративті басқару жүйесін құру және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету жөніндегі білім мен дағдыларды игеруге бағытталған.

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Жұмыстан қол үзбей оқу;
  • Ыңғайлы, аралас оқу формасы алған білімді күнделікті жұмысқа енгізіп, қолдануға мүмкіндік береді;
  • Оқытушылар – халықаралық және қазақстандық бизнес-тәжірибешілер мен зерттеушілер;
  • Экономиканың әртүрлі саласындағы әлеуетті бизнес-серіктестермен әлеуметтік қарым-қатынас жүргізу, яғни нетворкинг.

Оқуға қабылдау КТ бақылауынсыз жүзеге асырылады, оқу ұзақтығы – 1 жыл.