Ақпарат:

MBA сала бойынша

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы КТ элементтері
М072 Менеджмент және басқару Мемлекеттік басқару теориясы - Экономиканы мемлекеттік реттеу
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Экономиканың негізгі секторларында мансаптық тұрғыда өсуге және кәсіби көшбасшылыққа ұмтылатын менеджерлер мен мамандарға арналған білім беру бағдарламасы. Түлектер 2 жылдық оқудан кейін Іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесін алып шығады.

Бағдарлама академиялық терең білім мен практикалық бағытты біріктіреді, осылайша стратегиялық басқару, көшбасшылық және салалық сараптама бойынша кешенді оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу үдерісі икемді модульдік форматта ұйымдастырылған, бұл оқуды кәсіби қызметпен біріктіруге мүмкіндік береді.

Бағдарлама стратегиялық менеджмент, бизнес-зерттеу, басқару және коммуникация дағдыларын дамыту жөніндегі модульдерді қамтиды. Ал оның негізгі элементі ретінде тәжірибеге бағытталған модуль болып табылады, ол модуль нақты салалық мәселені шешуге бағытталған халықаралық тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертация дайындауды қамтиды. Түлектер жүйелі ойлау дағдыларын, өзгерістерді басқаруды және тиімді команда құруды үйренеді, сондай-ақ халықаралық ортада жұмыс істеу тәжірибесін жинақтайды.

Бағдарлама сонымен қатар оқу аясы тар кәсіби мамандықтарды да ұсынады, ол мамандықтар әртүрлі салалардың ерекшеліктерін ескеріп, белгілі бір саладағы бизнес-процестерді терең түсінуді қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл қатысушыларға өздерінің басқару базасын кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ өз салалары бойынша сараптаманы арттыруға да мүмкіндік береді. Атап айтқанда, мына тректер қол жетімді:

  • Көлік және логистика бойынша MBA
  • Энергетика бойынша MBA
  • Сәулет және құрылыс бойынша MBA
  • Геологиялық барлау және мұнай-газ саласы бойынша MBA
  • Білім беру бойынша MBA

Бағдарлама орта және жоғары буын менеджерлеріне, басқару мен технологияның қиылысында жұмыс істейтін мамандарға, сондай-ақ өз компанияларында стратегиялық лауазымдарды иеленуді немесе салааралық басқару деңгейіне жетуді көздейтін жандарға бағытталған.

Теорияны, тәжірибе мен салалық бағытты біріктіре отырып, бағдарлама өз саласының дамуына әсер ете алатын және жаһандық сын-қатерлер жағдайында трансформацияларды басқара алатын жаңа ұрпақ көшбасшыларын қалыптастырады.

Сонымен, өз салаңызда көшбасшы болыңыз! Өзгерістерді басқаруды үйреніңіз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту