Менеджмент

Деңгейі
Бағасы
2 128 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
naar
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Қазақстандық компаниялардың менеджменті мен топ-менеджменті саласындағы ғылыми, эксперименттік зерттеу және оқытушылық қызметке қажетті мамандар даярлауға арналған инновациялық білім беру бағдарламасы.

Бұл бағдарлама студенттің ғылыми мақала жазып, оны жоғары рейтингі бар ғылыми журналға жариялауына және халықаралық стандарттарға сай докторлық диссертация жазып, оны қорғауға мүмкіндік беруге бағытталған. Түлектер PhD докторы дәрежесін алып шығады.

Докторанттар компанияны стратегиялық басқару, оның бизнес-процестерін және жеке жобаларын менеджмент теориясы тұрғысынан стратегиялық басқару дағдыларын нығайтып шығады, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық қызмет пен ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүргізу үшін қажетті құзыреттілікке ие болады.

Бағдарлама өнеркәсіп орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары бойынша, саяси және әлеуметтік салалардағы ірі жобаларды басқаруға қажетті дағдыларды одан әрі дамытады.

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Оқытушылар құрамы – шетелдік университеттердің: Cambridge University (Ұлыбритания),  University of East Anglia (Ұлыбритания), Robert Gordon University (Ұлыбритания) және Universität Regensburg (Германия) университетінің PhD бағдарламасын тәмамдаған түлектер.  
  • Зерттеу жұмыстарын халықаралық стандарттар бойынша жүргізуге көңіл бөлінеді.
  • Оқытушылар құрамымен бірге ғылыми-зерттеулік жобаларға қатысуға мүмкіндік бар. 
  • Шетелдік университетте ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.
  • Диссертацияны даярлау және қорғау 2 ғылыми жетекшінің басшылығымен жүреді – отандық және шетелдік.

Бағдарлама өз компанияларын дамытуға және басқарудың жаңа сапалы деңгейіне көтеруге мүмкіндік беретін өршіл жоспарлары бар адамдарға арналған.