Тау-кен металлургия кешеніндегі бизнес әкімшілік

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
biznes-administrirovanie-v-gorno-metallurgicheskom-komplekse
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М072 Менеджмент және басқару

Басқару

Кәсіпкерлік ұйым

Бағдарлама заманауи технологиялық тәсілдер мен әдістерді, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, бизнесті басқарудың іргелі принциптеріне негізделген басқарушылық сипаттағы кең ауқымды өндірістік мәселелерді шеше алатын білікті мамандарды даярлайды.

Оқу барысында бизнестік зерттеулерге, стратегиялық және жобалық менеджментке, бизнес-процестерге сараптама жасау және реинжиниринг, тау-кен металлургия кешеніндегі жобалық және бағдарламалық портфельді басқару ісіне ерекше көңіл бөлінеді.

Бірінші курста магистранттар стратегиялық және жобалық менеджмент, салық есебі, маркетингтік стратегиялар, корпоративтік қаржыландыру, жобалық портфельді басқару, сондай-ақ минералды шикізат пен техногендік қалдықтарды байыту мен өңдеудің, жоғары жылдамдықтағы тау-кен өндірісінің заманауи технологияларын оқып шығады.

Магистранттар келіссөздер жүргізу әдісін және көшбасшылық дағдыларды меңгеріп шығады және эмоционалдық интеллектісін дамытады. Осы сала бойынша алып шыққан білімдері мен дағдылары болашақ магистрлерге тау-кен және металлургия өнеркәсібінің кез келген саласына жұмысқа орналасып, кең ауқымды әкімшілік және басқарушылық міндеттерді оңай шешуге мүмкіндік береді.

«Тау-кен металлургия саласындағы MBA» бағдарламасының оқу жоспары қазіргі заманғы тенденцияларды ескере отырып, әлемнің үздік ғылыми-зерттеу және инженерлік университеттерінің «Іскерлік әкімшілік» білім беру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес әзірленген. Оқытуды аяқтағаннан кейін магистранттар жобалық, операциялық, мотивациялық, дағдарысқа қарсы және тәуекелдерді басқару бойынша білімі бар, сондай-ақ тау-кен және металлургия өнеркәсібінің қолданбалы саласын білетін жоғары білікті бизнес-әкімшілер болып шығады.

Бағдарлама түлектері тау-кен немесе металлургия өнеркәсібі саласында басқармашылық қызметтер атқарады. Көпшілігі бизнесте немесе қоғамдық қызметте жоғары мансапқа ұмтылады.