Жобаларды басқару

Деңгейі
Бағасы
2 128 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D072
Аккредитациялар
iqaa
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Экономиканың барлық салаларында ірі кешенді жобаларды басқару саласындағы ғылыми, эксперименттік зерттеулер мен педагогикалық қызметке қажетті мамандар даярлауға арналған инновациялық білім беру бағдарламасы.

Бағдарлама ауқымды жобаларды басқаруға ұмтылатын өршіл мамандарға арналған. Түлектер PhD докторы дәрежесін алып шығады.

Докторанттар жобаларды басқару және жобалық құжаттарды әзірлеу, бизнес-процестерді, ғылыми-педагогикалық қызметті және өз бетімен іздену жұмыстарын терең талдау дағдыларын меңгеріп шығады. Зияткерлік кәсіпкерлікке, экономиканың нақты секторына арналған қолданбалы жобаларды жасауға және іске қосылған жобаларды коммерциализациялауға көп көңіл бөлінеді.

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Оқытушылар құрамы шетелдік университеттердің: Cambridge University (Ұлыбритания),  University of East Anglia (Ұлыбритания), Robert Gordon University (Ұлыбритания) және Universität Regensburg (Германия) университетінің PhD бағдарламасын тәмамдаған түлектер.   
  • Зерттеу жұмыстарын халықаралық стандарттар бойынша жүргізуге көңіл бөлінеді.
  • Оқытушылар құрамымен бірге ғылыми-зерттеулік жобаларға қатысуға мүмкіндік бар. 
  • Шетелдік университетте ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.
  • Диссертацияны даярлау және қорғау 2 ғылыми жетекшінің басшылығымен жүреді – отандық және шетелдік. 
  • «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша арнайы диссертациялық кеңес бар.

Түлектер мемлекеттік және жеке меншік секторларында, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарында, консалтингте жұмыс істейді.