Ақпарат:

23 ақпан 2024 3133

Қарапайым заттар ғылымы төтенше жағдайлармен күресуге қалай көмектесетінін Сәтбаев Университеті көрсетті

Қарапайым заттар ғылымы төтенше жағдайлармен күресуге қалай көмектесетінін Сәтбаев Университеті көрсетті

Сәтбаев Университетінде қалалық төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің қатысуымен жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер туралы ауқымды жаттығулар мен төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсететін техникалық шешімдердің көрмесі өтті.

Іс-шара бүкіл университет үшін практикалық жаттығудан басталып, студенттер мен қызметкерлер ғимараттан тыс, қауіпсіз жерге көшірілді. Ал құтқару техникаларының көрмесі Бас оқу корпусы алдындағы алаңда өтті. Инженерлер мен өнертапқыштар өздері жасаған жер сілкінісінің мобильді симуляторымен, ұшқышсыз ұшу аппараттарын құтқару құралы ретінде қолдану мүмкіндіктерімен, ғимараттың жоғарғы қабаттарындағы тұрғындарды эвакуациялауға арналған керілген құтқару матасымен және басқа да құтқару құралдарымен таныстырды.

Қарапайым заттар ғылымы төтенше жағдайлармен күресуге қалай көмектесетінін Сәтбаев Университеті көрсетті

Әсіресе жер сілкінісі симуляциясының мобильді платформасына деген қызығушылық күшті болды, өйткені ол жоғары баллдық жер сілкінісінің ғимараттарға қалай әсер ететінін өз көздерімен көруге мүмкіндік береді. Бұл тамаша платформаны Сәтбаев Университетінің ғалымдары Ильдар Жұмабековтың оқу-өндірістік шеберханасымен бірлесіп әзірлеген болатын. Ғалымдар жапондық әзірлеушілердің жетістігін қайталады.

Әзірлемені сол жобаға жетекшілік жасаған техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Энергетика және машина жасау институтының директоры Қасым Елемесов таныстырды.

– Бұл әзірлеме күрделі ғылыми дайындыққа негізделіп жасалды. Біздің ұжым қазір патентке құжат тапсыруға дайындалып жатыр, ал біз университеттің өндірістік базасында осындай мобильді платформаларды шығаруға дайынбыз», – деді ғалым таныстырылым барысында.

Платформа симуляцияланған жер сілкінісінің 1-ден 9 баллға дейінгі күшін реттеуге мүмкіндік береді, ол жылыту жүйесімен жабдықталған, оны жылытуға және тәулік бойы 24/7 пайдалануға болады, яғни жылжымалы оқу-жаттығу станциясы ретінде қызмет етеді. Платформаның құны өзінің аналогтарынан үш есе төмен болады.

Қарапайым заттар ғылымы төтенше жағдайлармен күресуге қалай көмектесетінін Сәтбаев Университеті көрсетті

Қарапайым заттар ғылымы төтенше жағдайлармен күресуге қалай көмектесетінін Сәтбаев Университеті көрсетті

Тағы бір назар аудартқан техника – ұшқышсыз ұшу аппараттары болды, олар төтенше жағдайларды анықтауға, бақылауға және оларды жоюда маңызды рөл атқарады.

Бұған дейін Алексей Оксиенко жетекшілік ететін ұшқышсыз ұшу аппараттары зертханасының командасы жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша өткен «Жер-2023» ауқымды оқу-жаттығуына қатысқан болатын. Қазақстандық республикалық азаматтық қорғау қызметтері мен басқа да түркі мемлекеттерінің төтенше жағдайлар бөлімшелерінің апаттық-құтқару қызметтерінің өкілдері ұшқышсыз ұшу аппараттарының төтенше жағдай кезінде патрульдеу, қирауларды бағалау, жараланғандарды іздеу, дәрі-дәрмек жеткізу, қараңғы жерді жарықтандыру, түнде ескерту жасау және басқа да көптеген мүмкіндіктерін жоғары бағалады.

Қарапайым заттар ғылымы төтенше жағдайлармен күресуге қалай көмектесетінін Сәтбаев Университеті көрсетті

Алматы қалалық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері университет әзірлемелерін жоғары бағалады. Делегация құрамында Сәтбаев Университетіне Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев, Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы подполковник Қахарман Оразалин, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы полковник г/з Рустамбек Амрин, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Бағдат Чайзада, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Ануар Юсупов, мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғау бөлімінің бастығы Сұлтан Оразбаев келді.

Сәтбаев Университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен бүкіл елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударуды одан әрі жалғастырады.

Қарапайым заттар ғылымы төтенше жағдайлармен күресуге қалай көмектесетінін Сәтбаев Университеті көрсетті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту