Ақпарат:

4 қараша 2025 459

Қазақстан Орталық Азиядағы аймақтық көшбасшылық қабілетін нығайтуда: Азияның үздік университеттерінің 2026 жылғы рейтингі – QS Asia University Rankings 2026 жарияланды

Қазақстан Орталық Азиядағы аймақтық көшбасшылық қабілетін нығайтуда: Азияның үздік университеттерінің 2026 жылғы рейтингі – QS Asia University Rankings 2026 жарияланды

Жоғары білім беру саласындағы халықаралық сараптау агенттігі QS Quacquarelli Symonds Азияның үздік университеттерінің 2026 жылғы QS Asia University Rankings 2026 рейтингін жариялады.

Жаңа рейтинг Азияның үздік университеттері тарихындағы ең ауқымдысы болып табылады және ол бүкіл аймақтан және 25 елден 1529 жоғары оқу орнын қамтиды, олардың 554-і осы рейтингке алғаш рет еніп отыр.

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтап келеді және ол университеттері Азияның үздік 100 университетінің қатарына енген осы өңірдегі жалғыз ел болып табылады. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Satbayev University сәйкесінше 38-, 61- және 79-орындарды иеленді.

QS Quacquarelli Symonds компаниясының аймақтық директоры Сергей Христолюбов еліміздің нәтижелерін былай деп бағалады: «Азияның үздік университеттерінің жаңа рейтингінде – QS Asia University Rankings – Қазақстан Орталық Азиядағы өз көшбасшылығын нығайтып келеді». Биылғы жылы рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны ғана емес, сонымен қатар олардың көрсеткіштері де айтарлықтай жақсарған.

Сәтбаев университеті үшін 79-орын – университет тарихындағы ең жоғары нәтиже. Бір жыл бұрын ол Азия рейтингінде 89-орында болған. Бұл жетістік бір жағынан Азияның үздік жоғары оқу орындарының бірі – Гонконг қалалық университетімен (CityU) ынтымақтастық қарым-қатынастың нәтижесінде мүмкін болды.

Азияның таңдамалы  университеттерінің 2026 жылғы рейтингі

2026 жыл

2025 жыл

Жоғары оқу орны

Орналасқан жері

1

2

Гонконг университеті

Гонконг

2

1

Пекин университеті

Қытай

=7

10

Гонконг қалалық университеті (Satbayev University-нің серіктесі)

Гонконг

38

29

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақстан

61

65

Л.Н.Гумилёв атындағы Евразия ұлттық университеті

Қазақстан

79

89

Satbayev University

Қазақстан

QS Quacquarelli Symonds — жоғары білім беру саласындағы жаһандық секторға арналған қызметтерді, зерттеулер мен талдау жұмыстарын ұсынатын әлемдегі жетекші компания. Ол 2004 жылдан бастап университеттердің рейтингін жасап келеді. Дәл сол жылы QS World University Rankings – әлемнің үздік университеттерінің рейтингі алғаш рет жарияланған болатын. Сол уақыттан бері QS рейтингтері университеттердің тиімділігі туралы салыстырмалы деректердің әлемдегі ең танымал көзіне айналды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту