13 қыркүйек 2023 1758

Сәтбаев Университетінің ғалымдары жер сілкінісі кезінде қолданылатын іс-әрекеттер жөніндегі ауқымды оқу-жаттығуларға қатысты

Сәтбаев Университетінің ғалымдары жер сілкінісі кезінде қолданылатын іс-әрекеттер жөніндегі ауқымды оқу-жаттығуларға қатысты

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл әрекеттері бойынша «Жер-2023» атты ауқымды оқу-жаттығу жұмыстары өтті. Оқу-жаттығу жұмыстарына түркі елдерінің өкілдері мен қазақстандық мамандар, оның ішінде Сәтбаев Университетінің Алексей Оксиенко жетекшілік ететін ұшқышсыз ұшу аппараттары зертханасының қызметкерлері қатысты.

Ғалымдар университет зертханасында әзірленіп, құрастырылған 7 ұшқышсыз ұшатын аппараттарды көрсетіп, өздерінің басқа да әзірлемелерімен таныстырды. Бұл – төтенше жағдайларда патруль жасауға және қирауды бағалауға, жараланған адамдарды іздеуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, түнгі жарықтандыруға, хабарлама таратуға және т.б. мақсатқа арналған конвертоплан, көп роторлы машиналар мен ұшақ типті аппараттар.

Университет ғалымдары облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен және республиканың түкпір-түкпірінен келген қонақтармен кездесу өткізіп, ұшқышсыз ұшу аппараттарының мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановпен кездесті.

Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – халықты кез келген апаттық жағдайға дайындау және оқыту, тұрғындар арасында жалпы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерінің іс-әрекет етуге әзірлік деңгейін арттыру. Сейсмикалық дайындық жаттығулары кезінде тұрғындар жойқын жер сілкіністері кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін меңгереді, қауіпсіз орындарды табу, зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттеріне жеткізу және басқа да іс-әрекеттерді орындауға машықтанады.

«Жер-2023» оқу-жаттығу жұмыстары екі күнге созылды. Жаттығу кезінде хабарлама жасау жүйесі сынақтан өтіп, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер: Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және қазақстандық республикалық азаматтық қорғау қызметтері мен төтенше жағдайлар жөніндегі құтқару қызметтерінің оқу-жаттығулары өтті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту