Ақпарат:

Көлік инфрақұрылымы: сертификаттау және техникалық сараптама

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы КТ элементтері
M210 Магистральды желілер және инфрақұрылыс Насостық және компрессорлық станцияларды жобалау мен оларды қолдану -  Мұнай-газ құбырларын жобалау және оларды қолдану
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Инновациялық білім беру бағдарламасы көлік инфрақұрылымы саласындағы құзыретті сарапшыларды даярлауға бағытталған.

Түлектер 1,5 жыл оқығаннан кейін «Техника және технология магистрі» академиялық дәрежесін немесе 2 жыл оқығаннан кейін «Техникалық ғылымдар магистрі» дәрежесін алып шығады.

Магистранттар құрлықтағы көлік инфрақұрылымы объектілерін сараптау және сертификаттау мәселелерін зерттейді, сондай-ақ темір жол инфрақұрылымы объектілеріне техникалық сараптама мен сертификаттау жүргізуді, оның ішінде темір жолдың жағдайын диагностикалауды және нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалауды үйреніп шығады. Осы мақсатта олар мына пәндерді оқиды: «Инновациялық көлік инфрақұрылымы», «Көліктегі техникалық сараптамалар», «Темір жол көлігінде сынақтар жүргізу әдістемелері», «Инженерлік экспериментті орнату теориясы» және т.б.

Түлектер көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеумен айналысатын өнеркәсіп орындарда жұмыс істей алады; сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдаланумен, техникалық қызмет көрсету және жөндеумен айналысатын мемлекеттік органдарда; Сәйкестікті бағалау органдарында; техникалық сараптама жүргізумен байланысты ұйымдарда; ғылыми және білім беру ұйымдарында қызмет етеді. Олар теміржол инфрақұрылымының сәйкестігін растау бойынша сарапшылар ретінде де жұмыс істей алады; сапаны бақылау инспекторлары; сапа жөніндегі инженер; құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бағалау және оларды қабылдау инспекторлары болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту