Ақпарат:

Көлік инфрақұрылымының объектілерін бағалау және сапаны басқару

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
Магистральдық желілері және инфраструктура Математика - Физика
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Инновациялық білім беру бағдарламасы көлік инфрақұрылымы объектілерін техникалық реттеу және олардың сапасын бағалау саласына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Базалық оқыту жаратылыстану және инженерлік блок пәндерінен құралған: математика, физика, құрылыс механикасы, геодезия, құрылыс конструкциялары, материалтану, инженерлік графика және т.б.

Мамандандырылған оқыту құрлықтағы көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және жөндеу саласы бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға негізделген. Студенттер көлік инфрақұрылымын және оның жағдайын бағалауды үйренеді. Осы мақсатта олар «Көлік инфрақұрылымы», «Көліктегі техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау», «Темір жол инфрақұрылымы объектілерінің сапасын басқару», «Көліктегі ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект», «Темір жол магистралінің көліктік нысандары», «Көлік құрылысындағы техникалық диагностика мен сенімділік негіздері» және т.б. пәндерді оқиды.

Сапа менеджменті және сәйкестікті бағалау бойынша мамандар көлік инфрақұрылымын өндіру және оларды пайдаланумен байланысты тәуекелдерді азайтуға және барлық нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге көмектесетін кәсіпорынның сапа менеджменті жүйелерін әзірлеуде, енгізуде және қолдауда шешуші рөл атқарады. Олар сонымен қатар тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға көмектесетін ішкі және сыртқы аудиттерге, өнім мен процесті сертификаттауға қатысады.

Түлектер көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеумен айналысатын өнеркәсіп орындарда, көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеумен айналысатын мемлекеттік органдарда, Сәйкестікті бағалау органдарында, көлік инфрақұрылымының объектілерін зерттеу және сынақ жүргізумен айналысатын ғылыми ұйымдарда жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту