Жердегі көлік, көлік техникасы мен технологиялары
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Жердегі көлік және көлік технологиясы саласындағы күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқаруға қабілетті және көлік кешені мен темір жол көлігі саласында пайдалану үшін инновациялық идеялар тудыра алатын ғылыми-зерттеуші кадрларды даярлайды.
Докторанттар ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін үйренеді, олардың көмегімен көлік техникасы мен технологиясы саласындағы жаңа білім мен технологияларды синтездеудің теориялық, тәжірибелік және қолданбалы мәселелерін шешеді.
Бірінші оқу күнінен бастап докторанттар көлік техникасын жобалау, өндіру, пайдалану және жөндеу саласындағы өзекті мәселелерді шеше отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді және озық ғылыми жобаларды әзірлей бастайды. Осылайша, практика жүзінде олар көлік техникасын пайдалану және жөндеу жөніндегі өндірістік процестерді басқару саласында олардың экономикалық тиімділігі, ресурстық және энергияны үнемдеу қағидаттары негізінде шешім қабылдауды үйреніп шығады.
Докторанттар ТМД елдерінің жетекші университеттерінде, соның ішінде Мәскеу мемлекеттік жол қатынастары университетінде, Новосибирск және Омбы жол қатынастары университетінде, сондай-ақ Қазақстанның ірі компанияларында, атап айтқанда – «Қамқор-Вагон», «Қамқор-Локомотив», «Конструкторлық-тәжірибелік орталықта», «ҚТЖ» компаниясының әртүрлі бөлімшелерінде практика мен тағылымдамадан өтеді.
Докторантура түлектері көлік және көлік құралдарын жасау, жөндеу, пайдалану жөніндегі зауыттардың, өндіріс орындарының әртүрлі учаскелерінің бастығы, ғылыми қызметкері, ғылыми зерттеушісі ретінде қызмет атқара алады.