Көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуы
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Құрлықтағы көлік инфрақұрылымын тұрақты дамыту саласындағы жобаларды әзірлеуге және жедел басқаруға қабілетті PhD докторларын даярлауға бағытталған инновациялық білім беру бағдарламасы тұрақты даму мақсаттарына сәйкес әдістеме мен ғылыми зерттеулер саласында тыңғылықты оқытуды қамтиды.
Базалық және бейінді оқыту бағдарламасы мына пәндерден тұрады: «Ғылыми зерттеулердің әдістемесі», «Академиялық жазу», «Көліктегі инновацияларды басқару», «Тұрақты көлік туралы ғылым», «Көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуы» және т.б.
Докторанттар көлік инфрақұрылымының нысандарын жақсартуға бағытталған техникалық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде өндірістік топ жұмысын ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді қабылдау сияқты дағдыларды меңгеріп шығады.
Түлектер мемлекеттік органдарда, ғылым академияларында, ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, тәжірибелік-конструкторлық бюроларда, көлік-коммуникация кешені кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Олар ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істейді; зерттеушілер; көлік немесе көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарының жобалаушылары, басшылары; менеджерлер, инновациялық даму менеджерлері бола алады.