Локомотивтерді жасау, жөндеу және пайдалану технологиясы
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | ҰБТ пәндері |
В065 Автокөлік құралдары | Математика - Физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Теміржол көлігі жұмысына қажетті кадрларды даярлайды. Бағдарлама тепловоздар мен электровоздар құрылысын жобалау, оларды жөндеу және пайдалану саласы бойынша жұмыс істейтін инженерлерді даярлайды.
Студенттер локомотив құрылысы мен оны шығару, жөндеу технологиясының теориялық және физикалық негіздерін, бөлшектерді қалпына келтірудің заманауи әдістерін үйреніп шығады, механика заңдары негізінде машиналар, механизмдер мен құрылымдық элементтердің беріктігі, сенімділігі мен орнықтылығының техникалық мәселелерін шешеді, перспективалық технологияларды талдайды, негізінде оның ішінде локомотивтердің бөлшектерін әзірлейді, өндірістік процестердің параметрлерін есептеу және олардың техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау әдістерін зерттейді.
Студенттер жобалық-конструкторлық құжаттаманы жүргізуді, локомотивтерді жөндеу барысында механикаландыру, диагностикалау және автоматтандыру құралдарын қолдануды, сондай-ақ жылжымалы құрамның теміржол көлігі инфрақұрылымының басқа да объектілерімен өзара әрекеттесуі кезіндегі жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалану көрсеткіштерін талдауды үйренеді.
Оқу барысында студенттер «Қамқор-Вагон», «Қамқор-Локомотив» серіктестіктерінде, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» пайдалану локомотив депосында, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК-ның жобалық-тәжірибелік орталығында өндірістік тәжірибеден өтеді. Басқа қалалар мен ауыл-аймақтан келген студенттер өздерінің тұрғылықты жері бойынша осы компаниялардың филиалдарында тәжірибеден өте алады.
Түлектер машина жасау және машина жөндеу кәсіпорындарында, көлік жабдықтарын, жылжымалы құрамды шығаратын өндіріс орындарында, көлік құралдарын пайдалану және жөндеу кәсіпорындарында, жобалау, конструкторлық және технологиялық ұйымдарда, жүк тасымалдау қызметтерінде, машина жасау және жөндеу зауыттарының дилерлік кеңселерінде, көлік басқару қызметтерінде, сондай-ақ арнайы жылжымалы теміржол құрамының бригадаларында жұмыс істейді.
Сонымен қатар түлектер локомотив депосы цехының бригадирі, жөндеуші инженер, локомотив жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы немесе жетекші инженері, локомотив депосы қор базасының бастығы, аймақтық қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор және т.б. қызметтерді атқара алады.