29 қыркүйек 2023 2296

Сәтбаев Университеті мен неміс компаниясы DMG MORI Academy өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Сәтбаев Университеті мен неміс компаниясы DMG MORI Academy өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Сәтбаев Университеті мен неміс компаниясы DMG MORI Academy өнеркәсіптік инженерлік білім беру және озық механикалық өңдеу процестері саласында ынтымақтастық қарым-қатынас жасай бастады. Меморандумға қол қою рәсіміне Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен CEO DMG MORI AKTIENGESELLSCHAFT компаниясының бас директоры Альфред Гейслер қатысты.

DMG MORI компаниялар тобы – жоғары технологиялық металл өңдеу жабдықтарын өндіруші әлемдік жетекші компания, олар ЧПУ станоктарын, фрезерлік, токарлық өңдеу, ультрадыбыстық және лазерлік өңдеу технологияларын дамыту саласы бойынша маманданған. Сонымен  қатар компания аэроғарыш, автомобиль, медициналық және басқа да салаларда өндірісті автоматтандыру үшін қажетті өнімдердің кең түрлерін ұсынады, әрі Индустрия 4.0 тұжырымдамасын толығымен қолдайды.

Компания неміс және жапон өнеркәсіптік тәжірибесін біріктіре отырып, DMG MORI академиясы ұсынатын инновациялық курстар арқылы өзінің талай жылғы жинақталған тәжірибесін бүкіл әлемге таратады. Ал бұл академия машина жасау саласына қажетті кәсіби мамандарды даярлауда әлемдік көшбасшы болып саналады. Академияның машина жасау, автоматтандыру және цифрлық шешімдер жасау саласындағы тәжірибесі Қазақстанның индустрияландыру деңгейін арттыруға көмектеседі және жастарды инженерлік дағдыларды меңгеруге шабыттандырады.

Осы мақсатқа жету үшін Сәтбаев университеті өзінің ұстанған іргелі қағидаты – «ғылыми зерттеу арқылы білім беру» қағидатын қолданбақшы. DMG MORI академиясымен ынтымақтастық аясында біздің университетте DMG MORI білім беру орталығы құрылады, ол жерде студенттер ЧПУ станоктарымен, CELOS бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлемесімен жұмыс істеуді, сондай-ақ компания өнімдеріне қызмет көрсетуді оқып, үйреніп шығады. Ал DMG MORI академиясы бұл жобаға серіктес болады.

Сонымен қатар ЖОО студенттері мен қызметкерлеріне материалдарды өңдеудің озық саласы бойынша біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретін оқу бағдарламасы әзірленеді. Университет дәстүрлі неміс сапасы мен жапондық дәлдік және ұқыптылық жоғары технологиялық инженерлік шешімдер мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарады деп күтеді.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін Сәтбаев Университетінің делегациясы DMG MORI академиясы мен Gildemeister зауытын аралап, жабдықтардың жұмысымен танысты және алдағы жұмыс жоспарын талқылауға қатысты.

Сәтбаев Университеті мен неміс компаниясы DMG MORI Academy өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту